Балаларды мадақтау, сабаққа белсенді қатысқан балаларды атау

Скачать

Сауат ашу
Сабақтың мақсаты:
1. Қ дыбысымен таныстыру, қ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге үйрету.
2. Ойлау, есте сақтау, тілдерін дамыту.
3. Әдемі, таза жазуға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын.
Көрнекілік: әліппе - дәптер, әріптер, текшелер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын сабаққа аудару үшін Шаттық шеңберін өткізу.
2. Өткенді қайталау
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
О дыбысына байланысты сөз, сөйлем құрату, буынға бөлгізу.

3. Жаңа сабақ.
Сабақты жұмбақ жасырудан бастау.
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)

Екі айыр құйрықты,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі. (Қарлығаш)

- Қоян , қарлығаш деген сөздерде бірінші қандай дыбыс естіледі?
- Қ дыбысы (Қ дыбысының әріп таңбасын көрсету)
Хормен Қ дыбысын бірнеше рет қайталау.
- Қ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Дауыссыз.
- Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- Көк түсті.

2. Суретпен жұмыс (интерактивті тақта)
- Балалар, тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Қалам, бақа, тарақ.
Осы сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, Қ дыбысының сөздегі орнын анықтату.
(сөздің басы, ортасы, аяғында)

4. Дәптермен жұмыс.
Ққ әрпінің баспа түрін жазу.

5. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Биік - биік өседі.

6. Карточкамен жұмыс.
Берілген сөздердің арасынан Қ дыбысын тауып көк түсті қарындашпен сызу.

7. Ойын Кім жылдам?
Қ дыбысынан басталатын сөздер айту.

8. Қорытынды.
- Балалар, бүгін біз сауат ашу сабағында не істедік?
- Қ дыбысы қандай дыбыс?
- Қ дыбысы сөзде қалай орналасады?
- Қандай түсті текшемен белгілейміз?
Балаларды мадақтау, сабаққа белсенді қатысқан балаларды атау.


Скачать


zharar.kz