Дәуқара аман оралды, Оранды қайта қарғысқа

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді ,
Майданға көкең кеткенде,
Осылай бәрі деп еді.
Бөпем, бөпем, бөпем - ау,
Қай жерде қалды көкең - ау?!
Кей - кейде біздің халық та,
Өтірік айтады екен - ау!
Оралар туған жеріне,
Топырақ caп бер ,- деді де,
Дұғасын оқып, күбірлеп,
Әжең де қалған жөніне.
Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен ,-
Дедім де, көздей қалтаға
Топырақ түйіп беріп ем.
Бөпем, бөпем, бөпем - ау,
Қай жерде жатыр көкең - ау?!
Көбісі біздің ырымның
Түкке алғысыз екен - ау!
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей қайта оралар.
Ел - жұрты қарғап, ант атса,
Ксткеннен келмес, жоғалар
Дегесін, үлкен шаңырақ,
Дәм беріп еді жамырап.
Алақан жайып артынан,
Ақ тілеу айтқан аңырап.
Аужалын түйіп заманның,
Ортаға салып бар малын,
Ала жібін адамның
Аттамап еді ардағым.
Неліктен тәңірім оны алды,
Оранушы еді алғысқа.
Дәуқара аман оралды,
Оранды қайта қарғысқа.
Бөпем де бөпем, бөпем - ау,
He жазды сенің көкең - ау?!
Халықтың кейде алғысы,
Қарғыстан бетер екен - ау!
Әлди, әлди, бөпем - ау,
Бәрі де бекер екен - ау!
Сабыр да түбі - сары алтын
Сарғайып қашан жетем - ау?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz