Омар Хайям бірнеше философиялық трактаттар жазған ғұлама

Скачать

Омар Хайям
Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик – Омар ибн-Ибрагим әл-Хайями (1048-1130) Хорасанның басты қалаларының бірі болған Нишапурдан шыққан. Алайда, ол өмірінің түрлі кезеңдерінде Орта Азия мен Иранның, Самарқанд, Мерв (қазіргі Мары), Исфаған, Рей мен басқа қалаларында тұрып, қызмет жасайды.
Омар Хайям – ең әуелі, сырға толы, парасатты пайымдаулар мен ойға негізделген рубаяттардың авторы. Рубаят Шығыс ақындары арасында мол таралған өлең формасы. Омар Хайямнан бізге 300-га тарта осындай рубаяттар қалды.
Омар Хайям бірнеше философиялық трактаттар жазған ғұлама. Ол Аристотель, Фараби, Ибн-Синаның көзқарастарын қабыл алып, дамытушы.
1074 жылы Омар Хайям сельджук сұлтаны Жәлелиддин Мәлік шахтың сарайына шақыртылды. Сұлтанның өзі, әсіресе, оның прогресшіл уәзірі Низам әл-Мүлік Омар Хайямның білгірлігін жоғары бағалап, оны Исфағандағы обсерваторияның басына қояды. Омар Хайям мұнда Мәлік немесе Жәлелиддин эрасы деп аталатын календарьдың жобасын дайындайды.


Скачать


zharar.kz