Мұқағали Мақатаев
Шау тартып қалыпсың - ау, қайран шабыт!
Жүруші ең кейбір жерде ойран салып,
Жүруші ең кейбір жерде сайран салып,
Шау тартып қалыпсың - ау қайран шабыт!
Секектеп желетін де сен емес ең,
Тепектеп келетін де сен емес ең,
Ақ бұлт пен қара бұлттың арасында,
Алапат айқұш - ұйқыш төбелес ең!
Сен солай болмағанда елемес ем,
Сені мен найзағайға теңемес ем.
Шау тартып барасың - ау, шарық - құсым,
Тояттап әлде жемге қарықпысың?
Бар, ұшшы!
Босатайын тұғырыңнан,
Шау тартпа!
Шынымен сен шабытпысың!?
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2