Балалардың назарын киіз үйдің қасында отырған қуыршақ әжеге назар аударып

Скачать

Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Ұлттық ыдыстар
2. Жабайы аңдар
3. Жиһаздар әлемі

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Ұлттық ыдыстар
Мақсаты: Балаларға ұлттық ыдыстары туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері: Балалардың сөздік қорларын молайту.
Грамматикалық түрде дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыптылыққа баулу.
Сөздік: тостаған, торсық, ағаш қасық, самауыр, кесе, аққұман.
Көрнекті құралдар: суреттер, әр түрлі ыдыстар, жеке карточкалар, қуыршақ, киіз үй
Әдіс – тәсілдер: қайталау, таныстыру, сұрақ - жауап, қайталау, фонетикалық жаттығу, сергіту сәті, д о, сөйлем құрату.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
- Балалар, алдымен біз осы шеңбер құрып тұрғанда бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жылылық таныта тұрып, жақсы лебіз білдірейік.
Еліміз аман болсын,
Анамыз аман болсын,
Деніміз сау болсын!
Жеке жұмыс. Д о Балабақшада не істейсің?
Мақсаты: Қойылған сұрақты түсініп, дұрыс жауап қайтара білу.
Балалар бір – бір карточкадан алады, жүргізуші (мұғалім, бала) балаларға сұрақ қояды, балалар түскен карточка бойынша жауап береді.
- Саша, сен балабақшада не істейсің?
- Мен балабақшада ойнаймын. (оқимын, тамақ ішемін, ұйықтаймын)
Балаларға сұрақтарды жоғары деңгейдегі бала қояды.
Балаларға сұрақтарды жоғары деңгейдегі бала қояды.

ІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың мақсатын, тақырыбын айту.
Балалардың назарын киіз үйдің қасында отырған қуыршақ әжеге назар аударып.
1)
- Балалар, киіз үйдің қасында кім отыр?
- Әже отыр.
- Әжемен қалай амандасамыз?
- Сәлеметсіз бе, Әже !
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен ыдыстарымды жинап отырмын, маған көмектесіңдер.

3) Әже (мұғалім) балалардың назарын қалған ыдыстарға назар аударып, жаңа сөздермен таныстырады.

Жаң сөздер: тостаған, торсық, ағаш қасық, самауыр, аққұман, кесе
Сөздерді жеке балаға, қыздарға, ұлдарға қайталап айтқызу.

4) Фонетикалық жаттығу.
Мақсаты: Қазақ тіліне тән дыбыстарды сөз ішінде дұрыс дыбыстап айтуға жаттықтыру.
Ық - ық – торсық
Ық - ық – қасық
Ақ - ақ – аққұман


Скачать


zharar.kz