Сабақтың тақырыбы: §30 Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушыларға ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар туралы білімдерін жетілдіру, ұғындыру, маңыздылығын ашу, зерттеушілік қабілетін ізденімпаздыққа ұмтылдыру.
Ә) дамытушылық: оқушыларға ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар туралы шығармашылық қабілеттерін, ойын еркін ашық айтуға дамыту.
Б) тәрбиелік: түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып оқушыларды адамгершілікке, эстетикалық, отан сүйгіштікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: ауызша баяндау, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сурет, бүктемелер, интерактивті тақта электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу,
ә) түгелдеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару,
в) сыныпты қалыпқа келтіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Аукцион
Енді аукционымызды бастаймыз. Аукционға Зерде акционерлік қоғамының мынадай шығармашылық жұмыстары шығарылады.
1. Адамның шығу тегі 10000 теңге
2. Дриопитектердің кезеңі 20000 теңге
3. Адам эволюциясы 30000 теңге
Біздің аукционымыз төмендегідей тәртіпте жүзеге асады. Шығармашылық жұмыстардың құны сендердің білімдеріңмен өлшенеді, осы шығармашылық жұмыстары кім көп біледі, сол ұжымға сатылады. Сатып алғысы келетіндер пікірлерін қол көтеру арқылы білдіреді. Аукционға қатысуға үш ұжымнан сұраныс түскен. Олар:
1. ЖШС Примат
2. Питекантроп фирмасы
3. Архантроп жеке қожалығы
Алғашқы саудаға 10000 адамның шығу тегі түседі. Бұл көтерме баға бойынша сатылады.
Жетекші сұрақтар:
1. Антропология дегеніміз не?
2. Адамның жануарлар дүниесін жүйелеудегі орны қандай?
3. Адамдар неше тұқымдасқа бөлінеді және оларға сипаттама беріңдер?
4. Адам мен жануарда болатын ортақ белгілері қандай?
5. Адам мен жануарлар ұрықтарының дамуындағы ұқсас белгілерді ата?
6. Адам мен адамтектес маймылдардың бір бірінен айырмашылық белгілері қандай?
Адам мен адамтектес маймылдардың ұқсас белгілері қандай?
Сатылды. Адамның шығу тегі туралы көп білетіндеріңізді көрсеттіңіздер.
Сатуға келесі түсетін Дриопитектердің кезеңі. Көтерме бағасы 20 теңгеден, барлығы 20000 теңгеге сатылады.
Сұрақтар:
1. Дриопитектерге сипаттама беріңдер?
2. Рамапитектерге сипаттама беріңдер?
3. Аустралопитектерге тарихи даму кезеңдері?
4. Аустралопитектердің түрлері.
5. Аустралопитектерді зерттеген ғалымдар?
6. Рамапитектер нешеге бөлінеді?
7. Епті адамға сипаттама беріңдер?
Сатылды. Енді Адам эволюциясы сатылады. Адам эволюциясы туралы не білесіздер. Сұрақтар.
1. Адамның тарихи дамуы неше кезеңге бөлінеді?
2. Архантроптардың қандай топтары тіршілік еткен?
3. Архантроптардың қаңқа қалдықтары дүние жүзінің қандай аймақтарынан табылды?
4. Архантроптардың эволюциясындағы басты бағыттарды атаңдар?
Сатылды. Бүгінгі аукционда жеңіске жеткен ұжым аты аталады.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.
Ертедегі адамдарды ғылыми тілде палеоантроптар, кейде неандерталь адамдары деп те атайды. Палеоантроптар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл – ойы және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас болған. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған. 1856 жылы Батыс Германия жеріндегі Неандерталь өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылды. Ертедегі адамдардың қоныс мекендері, кейіннен Ресейдің көрнекті антрополог ғалымы М. М. Герасимов ертедегі адамдардың бас сүйегінің құрылыс ерекшелігіне қарап, олардың бейнесін жасап, ғылымға зор үлес қосты.
Палеоантроптар бұдан 1, 5 - 250 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ертедегі адамдардың бойының ұзындығы 155 - 165 см, ал миының көлемі 1400 см2 болған. Архантроптармен салыстырғанда палеоантроптардың сөйлеуге байланысты алдыңғы ми сыңарларының маңдай бөлігі жақсы дамыған және астыңғы жақ сүйегі кішірейген. Ертедегі адамдардың қоныстарынан табылған түрлі құралдардың жасалуы да едәуір күрделенген. Олар жануарлардың терісін өңдейтін құралдар да жасай білген. Ірі жануарлардың сүйектерін жинап, өздеріне баспана салғандығы да анықталып отыр. Палеоантроптардың ойлау қабілеті жақсы дамыған. Бұл кезде түрлі қолөнер салалары пайда болған. Қоғамдық сана қалыптасып, түрлі наным – сенімдер, тасқа, сүйекке ойып сурет салу және өлген адамдарды жерлеу салты болған.
Ертедегі адамдар ауа райы қолайсыз ауыр жағдайларда үңгірлерде тұрып, үнемі отты пайдаланған. Олар топтасып аң аулаған және Жер шарының көп аймақтарында өмір сүрген. Африканың солтүстік өңірінен табылған ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтарына өте ұқсас. Сондықтанда ертедегі адамдар көптеген аймақтарда бір мезгілде өмір сүрген деген пікірлер бар. 1938 жылы орыс ғалымы А. П. Окладников (1908 - 1981 жж) Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ертедегі адамдардың сүйек қалдықтарын тапты. Бұл ғылымда дүниежүзілік мәні бар үлкен жаңалық болды. Ертедегі адамдардың мекенжайлары, пайдаланған тас құралдары және аулаған жануарларының сүйек қалдықтары Қазақстан жерінен де көптеп табылды. Қазақстандық ғалым Х. А. Алпысбаев 1958 - 1962 жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау өңірінен ертедегі адамдардың қоныстарын тауып зерттеп, ғылымға көп жаңалық болды. Ертедегі адамдардың пайдаланған тас құралдары Орталық Қазақстан, Бетпақдала өңірінен де табылды.
Көрнекті ғұлама ғалым Ә. Х. Марғұланның бұл салада сіңірген еңбегі орасан зор. Ғылымда бұл дәуірді тас дәуірі тас дәуірі (немесе тас ғасыры ) деп аталады.
Ү. Сабақты бекіту
Сандар сөйлейді.
ҮІ. Оқушы білімін бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.