Қазақ тілі 4 сынып
Сабақ тақырыбы: Одағай сөздер
Сабақ мақсаты: Одағай сөздер туралы оқушыларға жан - жақты, мол мағлұматтар беру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сөйлем ішінен одағай сөздерді жаңылыспай табуға машықтанады.
Сабақ жабдығы: Оқулықтар, дәптерлер, керекті құралдар, слайд, үлестірме қағаздар, тб
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Психологиялық дайындық: Оқушылар бір - біріне сәттілік тілейді, оқушылар топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру:
46 - жаттығу
(Мәтіннен шылауы бар сөйлемдер теріп жазылады, Абай, Ыбырай, Әбіш туралы сұрақ - жауап кезеңі, Абай мен Әбіш рөлінде диалог құралады).
Өткенге шолу: Сәйкестендіру тапсырмасы:
Зат есім Сегіз, он бес
Етістік Үшін, туралы
Сын есім Жүгірді, секірді
Сан есім Мен, сен, ол
Есімдік Қазір, түнде
Үстеу Қызыл, көк
Шылау Ахмет, Дана
Жаңа сабақ:
(Дәптер ауыстырылып, тақтамен жұмыс ұйымдастырылады.)
Топтық жұмыс:
І топ: Ережені түсіндіру
ІІ топ: (сөйлемдердің ішінен одағайларды табу)
Уа, бауырым, амансың ба?
Па, шіркін, жазушыдай суреттеп жібердің ғой өзің!
ІІІ топ: (Сөйлемдерге одағай сөздер қойып оқу)
Балжан - ау, мен ұмытып кетіппін.
Қоңырдың баласымысын?
Керекті сөздер: әй, япырмай
Мұғалімнің тереңірек түсіндірмесі:
1. Негізгі одағайлар: Ау, па, ей, әй, е, уа, уау; Уай, я, пай, ә, о, охо, ой, т. б.
2. Туынды одағайлар: Мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға, т. б.
3. Ишарат одағайлар: Кәне, канеки, ал, әйдә, т. б.
4. Жекіру одағайлары: Жә, тәйт, тек, т. б.
5. Жануарларға арнап айтылатын одағайлар: Шәйт, шек, құрау - құрау,
пырс, көс - көс, мох - мох, т. б.
6. Шақыру одағайлары: Ау, ей т. б.
7. Көңіл - күй одағайлары: Алақай, бәрекелді, ура, әттеген - ай, пішту, бай - бай, т. б.
8. Императивтік одағайлар: Сап - сап, әлди - әлди, әйда, әй - шай т. б.
9. Тұрмыс - салт одағайлары: Хош, хайыр, ләббай, т. б.
Бейнеу ауданының әкімдігінің
Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі КММ
Мұғалім аты - жөні: Жарас Ақтолқын Әлімбайқызы
Одағай сөздер. жүктеу