Сымбат ЖМ бастауыш класс мұғалімі
Бақтыбаева Гүлшат Санақбайқызы
Қазақ тілі
Тақырыбы: Зат есімді қайталау
Сабақтың міндеті: сөз таптары, зат есім туралы түсініктерін нақтылау; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың мақсаттары:
Зат есім, олардың сұрақтары, жалқы есім мен жалпы есім, олардың жазылу емлесі жайлы алган білімдерін кеңейту. Теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеріп, өз ойларын мысалдар арқылы дәлелдеуге үйрету;
Оқушылардың ойын дамытып, сөздік қорын молайту;
Ана тілінің қадір - қасиетін жете түсінуге және оны өзгеге жеткізе білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі. Аралас сабақ
Сабақтың әдісі. Баяндау, талдау, Венн диаграммасы, топтастыру, 5 жолды өлең.
Көрнекілігі: слайд - презентация
Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
Мұғалім:”Ана тілін білмейінше, өзге пәндері түсіну мүмкін емес”- деп, Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай, дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білу үшін, қазақ тілінің үйрететін мәселелерін зер салып меңгеруіміз керек.
Сыныпты топқа бөлу
1 топ Зат есім
2 топ Сан есім
3 топ Сын есім
4 топ Етістік
Топ басшысы сайланады.
Топпен жұмыс ережесі еске түсіріледі
Алтын ереже
1) Басқаның пікірін сыйлау.
2) Уақытқа бағыну, регламент сақтау.
3) Тапсырмаларды тиянақты орындау.
4) Шынайы түрде формативті бағалау.
5) Сыныпта, топта тәртіп сақтау
Сабақ мазмұны мына мәселелерді қамтиды:
1. Зымыран сұрақтар
2. Ойлы болсаң, озып көр
3. Сөз ойла, тез ойла
4. Білгенге маржан
5. Тапқыр болсаң, тауып көр
1. Зымыран сұрақтар
1. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бір бөлігі не деп аталады?
2. Мағыналары бір – біріне қарама - қарсы сөздер
3. Жұрнақ дегеніміз не?
4. Қосымшаның неше түрі бар?
5. Сөз таптарын ата
6. Зат есімнің сұрақтары
7. Сын есім сұрақтары
8. Сан есім сұрақтары
9. Етістіктің сұрақтары
2. Ойлы болсаң озып көр
Жұптық жұмыс
Шарты: Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап
Сөздер ----- Кім? --------- Не?
Биік
Ұқыпты
Ұшқыш
Алмұрт
Күшті
Қызғалдақ
Әдемі
Әкелді
Қайшы
Келді
Суретші
Тұжырым: Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейді. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: адам, әншілер, кеме, ағаштар
Актуалдау:
Адамға қатысты атаулар: мұғалім, дәрігер, әнші. биші. аспазшы.
Ыдыстар атауы: кесе, қасық, айыр, ожау, қазан, тәрелке, табақ
Жемістер атаулары: Алма, қауын, қарбыз. жүзім. алмұрт.
Жануарлар атаулары Түйе, қой, сиыр, жылқы, ешкі.
Құс атаулары: Бұлбұл, торғай, қарға, сауысқан, бүркіт.
Мағынаны тану кезеңі: Жаңа сабақ: Күн жадын жазу. Көркем жазу З әрпі
3. Сөз ойла, тез ойла
4. Білгенге маржан
Оқулықтағы 1 - жаттығу
Шарты: Негізгі зат есімдер - бір, туынды зат есімдер - екі шапалақ.
3 - жаттығу
Негізгі зат есімдерге жақша ішіндегі - шы, - ші жұрнақтарының тиістісін жалғап жазу
5. Тапқыр болсаң тауып көр
Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер нені білдіреді?
Қазақстан, Жеңіс, Рақымжан, Ідіріс, Әлия, Мәншүк (Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы)
Бекіту: Аяқталмаған сөйлем
Рефлексия Бағдаршам
Жасыл – Маған сабақ ұнады
Сары – Сабақта қиындықтар кездесті
Қызыл – Сабақты түсінген жоқпын
Үйге тапсырма: 107 бет 4 - жаттығу
Слайдын жүктеу