Достық торы тренингіТренинг сөзі - жалпы жаттығу деген мағынаны білдіреді

Скачать

Достық торы тренингі
Тренинг сөзі - жалпы жаттығу деген мағынаны білдіреді.
Тренинг барысында көптеген мәселелер шешіледі.
Мақсаты: Көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу, ойдың икемділігін, тапқырлығын дамыту, қарым - қатынастың түрлі әдіс - тәсілдерін меңгерту.
Қажетті заттар: Оралған жіп, смайлик, ноутбук, ақ парақ, қалам.

1 - Тренинг
Достық торы деп аталады.
Нұсқау: Мұнда қатысушылар бір - біріне жіп лақтыру арқылы келесі адамға тілектерін айтады. Мыс: Мен сізге ашық аспан тілеймін!....

2 - Тренинг
Нұсқау: Қатысушылар жанындағы адамға яғни, өмірдегі бір танымал бір адамға ұқсайтынын жеткізеді.
Мыс: Мен сізді белгілі тележүргізуші Ләззат Танысбай деп қалсам, өзіміздің..... екенсің ғой, ойын әрі қарай жалғаса береді

3 - тренинг
Сенімді, сенімсіз, ашулы жауап тренингі
Досыңыз сізден алған қарызын бермей жүр..... сіздің жауабыңыз.
Нұсқау: Қатысушылар 3 топқа бөлініп отырады.
Үш топтан бір - бір адамнан келіп конверт таңдап алады, және ішіндегі смайлик бойынша сол топ кейіпке еніп айтып береді.

4 - Тренинг
Бинго деп аталады
Нұсқау: Қағазда жазылған пікірлер бойынша жеңімпаз анықталады

Қорытынды
Рахмет тренингі
Нұсқау: Қатысушылар орындарынан тұрып, сол алақанына бүгінгі тренингке қатысардағы сезімдеріңізді салыңыздар, ал оң алақанға бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді салыңыздар және екі қолдарыңызды жоғары ұстап көтеріңкі көңіл - күймен 3 рет өз - өзімізге қол шапалақтап қояйық!


Скачать


zharar.kz