Орындаған оқушыға жауқазын гүлін беру

Скачать

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10 - а
Сабақтың мақсаты: а) Өрнек туралы алған білімдерін кеңейту
ә) Оқушылардың өрнек бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
б) Оқушылардың адамгершілік қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ,
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сурет, кеспе суреттер, кесте, логикалық тапсырмалар, гүлдер суреті, интербелсенді тақта
Сабақта пайдаланатын әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, ой қозғау,
Сабақтың жүрісі

І. Ұйымдастыру кезеңі
Ақ сандықты ашайық,
Кітап, дәптер алайық,
Бүгінгі жаңа сабақтан,
Бестік баға алайық - деп жаңа сабағымызды бастауға дайынбыз ба?
- Балалар, сендер сәлем түрлерін білесіңдер ме?
- Егер алдымыздан үлкен ата немесе әке, ағаларың шықса қалай амандасар едіңдер? (Ассалаумағалейкум)
- Егер алдарыңнан әжелерің не апа, әпкелерің кездессе қалай амандасар едіңдер? (Салем бердік)
- Егер алдарыңнан досың не қатарлас құрбың кездессе қалай амандасар едіңдер?(Сәлем)
- Ал ұстаздар кездесіп қалса қалай амандасар едіңдер? (Сәлеметсіз бе, апай)
- Олай болса біз бүгінгі осындай әдемі сөздермен бастайық.

Білімді еске түсіру
- Қазір қандай мезгіл?
- Көктем айларын атайықшы?
- Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?
- Ал сендер бәйшешек гүлін тергілерің келеді ме? Олай болса тақтаға қараңдар, Біздің ауылдың тау маңындағы сайларға әдемі гүлдер өсіпті. Міне мына сайға бәйшешек мол өскен екен, теріп аламыз ба?
- Ал бәйшешектің артында тапсырмалар жазылған, соны орындасаңдар гүл сендерге тиісті болады. Ал кәне, бастайық.
- 2 мен 3 - тің қосындысы, - 7 мен 2 - нің айырмасы, - 3 пен а - ның қосындысы,
- 5 пен 4 - тің қосындысы - 10 мен 7 - нің айырмасы
- азайту амалының компоненттерін ата? - қосу амалының компоненттерін ата?
- Жақсы оқушылар, тақтадағы
3 - а әріпті өрнек, 2+3, 5+4 санды өрнек, қосынды, 7 - 2, 10 - 7 санды өрнек, айырма

Топқа бөлу
Оқушылар қолдарыңдағы бәйшешек тапсырмасы бойынша топқа бөлінеміз.
І топқа әріпті өрнектер
ІІ топқа қосындылар
ІІ топқа айырмалар отырады.

Жаңа сабақ
- Біз осы уақытқа дейін бірнеше өрнектермен таныстық, бүгінгі жаңа сабағымыз Өрнек. 10 - а тақырыбында болады. Оқулық пен, дәптерді ашып дайындайық.
- Балалар, бәйшешек гүлінен соң біртіндеп басқа да гүлдер шыға бастайды.
- Сендер қандай гүлдерді білесіңдер?
- Олай болса, сабаққа жақсы қатысқан оқушыға гүл түрлерінен беріп отырамын. Алдымен Өрнек туралы электронды оқулықтан білгендерімізді кеңейтіп алайық. Енді балалар осы түсінігімізді сабақ барысында пайдаланатын боламыз.

1 тапсырма Шешімін тап
Оқулықпен жұмыс №1. Кестені толтыру (ауызша)
Балалар кестені бір бірлеп ауызша толтырып шығады. Орындаған оқушыға жауқазын гүлін беру.

А ------ 1 ----- 2 ----- 3 ----- 4 ----- 5 ----- 6 ----- 7 ----- 8 ----- 9 ----- 10
10 - а

2 тапсырма Көркем жазу цифрларды әдемі, көркем жазуға үйрету
Көркем жазған оқушыларға қызғалдақ гүлін беремін.

3 тапсырма Өрнектің мәнін тап
Балалар өз бетімен орындайды, орындаған оқушыға түймедағы гүлін беріп отырамын.
а мен 1 сандарының қосындысын жаз. а - ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады? Мәні ең үлкен және ең кіші сандарды жаз.
а+1
0+1=1
9+1=10

4 тапсырма Мағынасын тану Бұл тапсырманы орындаған оқушыларға қырмызыгүл гүлін беремін.
Шарты: Қарағай - 6 Қайың - 4 Барлығы -?
Шешуі: 6+4=10 (ағаш) Жауабы: Аулада 10 ағаш өсіп тұр
- Енді дәптерімізде осындай тапсырма бар. Қане оқиық.
Болаттың 7 қояны болды. Ол 2 қоянын досына берді. Болатта неше қоян қалды?
- Есеп шартын толтыру - Шешімін, жауабын жазу

Сергіту сәті
Қазір көктем мезгілі жаңбыр мол жауатын кез, сондықтан
Тәулік бойы тынбайтын, Болайықшы ақ жаңбыр. (Ақырын жауған жаңбыр)
- Астаң-кестең жауатын Өткінші енді біз жаңбыр (Тез тез жауған жаңбыр)
- Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдату)
- Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасау)
- Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды (жарты доға жасау)

Келесі 5 тапсырма Шығармашылық тапсырмалар орындау. Әр топқа екі түрлі тапсырма беріледі,
Үш жұптан құралып әр топ тапсырмаларын орындайды. Дұрыс орындаған оқушыларға раушангүл гүлін беремін.

І жұпқа Сиқырлы тоғыздық

ІІ жұпқа Сандар құрамы
Топ бойынша сан құрамын анықтау

6 - тапсырма Ойлан тап
Дәптердегі өрнектің мәндерін өз бетімен орындау. Дұрыс, қатесіз тапқан оқушыларға лалагүлін беріп отырамын.
6 + 2 =
4 + 2 =
6 - 3 =
7 - 4 =
9 - 3 =
7 + 3 =
5 + 3 =
8 - 2 =
7 - 5 =

- Ал кім көп гүл жинады? Гүлдерін санатып бағалау.
5 - 6 5
3 - 4 4
1 - 2 3
- Қандай гүл түрлері бар екен?
- Бәйшешек қандай? Жауқазын қандай? Раушангүл қандай?
- Қырмызыгүл несімен өзгеше? Ал лалагүл ше?
- Осы гүлдеріңнің ішінен өздеріңе ұнаған гүлді мана суретке ілейік. Сонда мына суретіміз көктемгі даладан аумай қалады.

Рефлексия
- Сонымен оқушылар өрнектің мәнін табу үшін нені жақсы білуіміз керек екен?
- Ал біздің сыныптағы барлық балалар кестені біледі ма?
- Сендердің жақсы білетіндеріңді мен бүгінгі сабақтан байқадым.

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Жыңғылды ауылы, Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Туякбаева Саулет Куатовна


Скачать


zharar.kz