Мұқағали МақатаевБұл дүние не боп кетті

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Бұл дүние не боп кетті?
He боп кетті?
Ой! Балам!..
Қызығым - ау, бұзығым - ау,
Отқа түсіп, ойнаған.
Жатсам, тұрсам тағдырыңды
Тағат таппай ойланам,
Қайда кетіп барасың сен?
Қой, қой, балам!
Қой, балам!
Құландайын, құлындайын
Еркін өскен тентегім,
Барлығымыз ардақтаған үйіміздің көркі едің.
Құрып тұрмын түсіне алмай,
Түсіне алмай мен сені,
Бүлінбесе жарар еді.
Бүгінің мен ертеңің.
Досыма да, қасыма да мерт еттің ғой сен мені,
Қандай қиын, қапелімде қара бұлттың төнгені.
Бұзығым - ау, бұрылсаңшы,
Бұрылсаңшы, кел бері!
Сейілтсеңші торып тұрған қара бұлтты
Бұл дүние не боп кетті?
He боп кетті? Әй! Балам!..
He боп кетті?..
He боп кетті!
Үйім, түзім - айналам?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz