Айтылған сөз

Скачать

Тақырыбы: Танымдық сайыс (тіл мерекесіне арналған)
Мақсаты: а) Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызметін таныстыру, тіл мерейін көтеру;
ә) Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік сөздердің мән - мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру;
б) Ізденімпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу, ана тілін қастерлеуге баулу
Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер
Түрі: танымдық ойын
Әдісі: сайыс

Өту барысы
- Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар. Мектебімізде 22 қыркүйек Тіл мерекесі апталығы ұйымдастырылған болатын. Сол апталықтың аясында өткелі отырған бүгінгі шарамызға қош келдіңіздер. Тіл мерекесі құтты болсын!
Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі – біздің ар - ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Тіл - халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Сондықтан

Ана тілім, дана тілім - Тәңірім
Сақтай білген сан ғасырлар жарығын
Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген
Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген.
Тіл - халық жанын танудың кілті атты танымдық сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Сайыс кезеңдері
1. Таныстыру, сәлемдесу
2. Кім білгір? (мақалды жалғастыру)
3. Мәнерлеп оқу (тіл туралы)
4. Көрініс (шешендік сөздерден)
5. Ән (тіл, отан, туған жер)
6. Би (ұлттық би)
7. Тағам түрі (дайындалуы, пайдасы, қай ұлттыңкі)

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге әділ төрелігін айтатын әділ қазылар алқасымен танысайық.
Сәлем - сөздің анасы, сөз атасы
Ұстаздардың қабыл болсын батасы
Қол соғып, ортамызға тарландарды
Шақырсақ, болмас сөздің еш қатесі - деп ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз
6 а .......
1. Сайысымызды топтардың таныстыруынан бастаймыз.

2. Мақал - мәтел - бабадан қалған мұрамыз,
Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.
Мақалбай атай сұрағын алып келіпті,
Сайыскер топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз. Кім білгір?
(әр топ екі қағаздан суырып, берілген мақалдың жалғасын табу)

1. Шешен сөз бастар...
2. Жақсы байқап сөйлейді...
3. Әншейінде ауыз жаппас...
4. Тіл - адам ойының....
5. Жасыңда қылжаң болсаң.....
6. Тисе терекке....
7. Айтылған сөз...
8. Аңдамай сөйлеген...
9. Бал тамған тілден....
10. Шебердің қолы ортақ....

3. Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты,
Үлгі тұтып бәйтеректей сан алыпты.
Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ, қайдасың,
Өлеңдер оқып, өзіңді - өзің танытшы!- деп, келесі кезекте тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына береміз.

4. Ана тілім - ардағым, мәртебелім,
Сен ғайып боп кеткенде қайтер едім?
Қадірін де халқымның біле алмай,
Қалар ма еді айтылмай айтар әнім - дегендей өз әндерімен топ әншілерін ортамызға шақырамыз.

5. Мәңгі өлмес, мейлі заулап көшер заман,
Жиреншедей дария шешен бабам,
Қазыбек, Төле, Әйтеке - ердің құнын
Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам. Сайыстың келесі бөлімінде әр топтың би - шешендердің шешендік сөздерінен дайындаған көріністерін тамашалаңыздар.

6. Халқыңның әдет - салтына
Ойлана қарап түйін түй
Шаттық сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән мен би - деп ортаға мың бұралған бишілерімізді шақырамыз.

7. Соңғы сайысымыз тағам түрі. (Алдын ала дайындалған тағамның дайындалу жолын, қай ұлттың, қандай тағамы екенін, қандай кездерде дайындайтынын, денсаулыққа пайдасын, т. б. айту)

Әділқазыларға сөз беріледі.

Әуездісің, әдемі тілі елімнің
Әуенісің ұлан - байтақ жерімнің
Самғай берсін шартарапқа өр үнің - деген тілекпен тіл мерекесіне арналған сайысымызды аяқтаймыз.
Баршаңызға да рахмет!


Скачать


zharar.kz