Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы
№24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Сәдуақас Ғабдолла Әбдімұратұлы
Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары (Эстафеталық жарыс)
Мақсаты: 1. Тәрбие негізі отбасынан басталатынын түсіндіру.
2. Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, түрлі спорттық түрлерін еркін ойнауға үйрету, спортқа қызығушылығын арттыру.
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ептілікке, төзімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
4. Осы жарыс арқылы балалардың бойындағы ерекшеліктерін ата-анасына білдіру.
Өткізілген орны: спорт зал.
Спорт түрі: эстафеталық жарыс
Өткізілген уақыты: 19. 10. 2012 ж.
Жауапты: Сәдуақас Ғабдолла
Пайдаланылатын құралдар: ысқырық, доп, кедергілер, шар, уақыт көрсеткіш, метр, арқан, т. б.
Барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары атты отбасылық жарысқа хош келдіңіздер!
Ортаға жарысқа қатысушы отбасыларын шақырамыз.
Бүгінгі төрелік жасайтын әділ-қазылармен таныстыру.
Отбасылар топтарының өз тобымен таныстыру.
Ойынның шартымен таныстыру:
1. Допты аяқ арасына қысып, кедергілер арасынан алып жүру.
2. Баскетбол добын кедергілер арасымен қолмен жерге ұру арқылы барып, қайтарда футбол добын аяқпен кедергілердің арасымен алып қайту.
3. Сенбілік ойыны. Шеңбер ішіне кедергілер арасымен шарикті жинау. Соңғы ойыншы жинаған шарикті, сыпырғымен кедергілер арасымен алып өту.
4. Қаңбақ шар. Баласы шарды кедергілер арасымен басымен ұру арқылы жүру, әкесімен-шешесі бір-біріне үрленген шарды ауада үрлеу арқылы алып жүру.
5. Сұрақтарға жауап беру.
6. Батьан көтеру. (Әке), ракеткамен шарикті алып жүру (шеш), кітапты басына қойып жүру (баласы)
7. Арқан тарту.
8. Бір-біріне жалғастырып ұзындыққа секіру.
9. Допты кедергілер арасымен әкесі мен шешесі допты басымен қысып жүру, баласы скакалкамен ойнау.
Ән жолдау.
Ойынның нәтижесі бойынша әділ-қазылар топтық сайыста қай отбасы жеңіске жеткендігі туралы хабарлау