Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындардың маңызы
Эпиграф:
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.
В. М. Сухомлинский
Бала тәрбиесі – қиын да жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманның бағыт - бағдарымен бірге жүріп отырады
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабылеті мен белсенділігі де көрінетін туралы ас көрнекті педагог А. С. Макаренко былай дейді: Ойында бала қандай болса, өмірінде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады
Шындығында да, бала бар ынтасымен, ықыласымен әрекет жасағанда ғана дамиды. Баланаң эмоционалды жай - күй мен толық дамуы біір - бірімен тығыз байланысты. Осыған байланысты В. Л Сухомлинский: Мұқият қараңыз, баланың өмірінде ойын қандай орын алады екен? Бала үшін ойын - өте жауапты іс. Ойын барысында баланың шығармашылық қабылеті ашылып, дамиды. Бәлкім, ойынсыз баланың жан - жақты ойлау қабылеті дамымайтын шығар.. - деген.
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі. Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт - дәстүрлердің, әдет - ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал - мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылықпен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын - жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді
Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері, логикалық ойлауы, түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады. Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді. Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты: 1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.
2. Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
3. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым - қатынас жасауға, қажетті дағдыны, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс - әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру, біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын - тапсырмалар арқылы берілген оқу - тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл - ой белсенділігінің күшеюі
4) Оқу - тәрбие мақсаттарының бірлігі
Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Жаңылтпашты тез айт , Фонетикалық жаттығулар , Мақалды жалғастыр т. б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар
Әр сыныпта жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеймін, сондай - ақ тапсырмалар арқылыоқушылардың білімін тереңдете түсемін және сөздердідұрыс айтуға, оқуға, есте сақтауын дамытуға көмектесемін.
Фонетикалық жаттығулар
Мақсаты: Оқушылардың оқу шапшандығын жетілдіру, төл дыбыстарды дұрыс айтуын дағдыландыру.
Тапсырма: Берілген сөздерді оқи отырып, сол жақтағы қарамен белгіленген тірек сөзге сәйкес сөзді тауып белгілеңіз. Тапсырманы тез және мұқият орындауға тырысыңыз.
Уақытты белгілеңіз. Егер тірек сөзді таппасаңыз, тоқтамай оқи беріңіз. Тірек және белгілеген сөздердің сәйкестігін барлық сөздерді оқығанан кейін тексеріңіз.