Алғыс сөздері мен мақал - мәтелдерді жазу

Скачать

Тәрбие сағатының тақырыбы: 1 - наурыз - алғыс айту күні
Жалпы мақсаты: 1) 1 - наурыз - алғыс айту күні еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатын көздеді. Оқушылар ата - анаға мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім - тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, жалпы кез - келген жақсылықпен көмекке алғыс айтылатыны туралы ойларын ортаға салды. туралы ой - өрісін кеңейтіп білімін тереңдету;
2) Мемлекет басшысының Мәңгілік Ел жалпыхалықтық идеясын зерделеу және қазақ халқының алатын орнын сол идеяны жүзеге асырудағы рөлі арқылы оқушылардың бойында Отанына деген патриотизмін тәрбиелеу, рухани - адамгершілігін қалыптастыру;
3) Білім алушылардың этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым - қатынас жасау біліктілігін дамыту
Күтілетін нәтиже: Өз Отанының патриоты, білімге құштар және рухани - адамгершілік қасиеттері бар еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақты өткізу әдістері: Миға шабуыл, топтық жұмыс, оқушылар жобасының презентациясы
Ұсынылған ресурстар: Үлестірмелі материал, плакаттар, сызбалар, маркерлер, кеспе қағаздар.

Кіріспе
Сәлемдесу:
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Шаттық шеңберінде: Ризашылық
- Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
Ризамын бүгінгі күнге,
Ризамын ата - анама,
Ризамын қасымда бірге жүрген сыныптастарыма,
Ризамын саған!
Ризамын, ризамын!,

Негізгі бөлім 1) Миға шабуыл • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Топқа бөлу.
• Нұсқау: 3 түсті стикерлер бойынша топқа бөлу.
• 1) Алғыс пен ризашылық дегенді қалай түсінесіңдер?
• 2) Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
3) Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Бейнекөрсетілім: "Қазақстан - бейбітшілік және келісім бесігі", "Ризамын" әні
Бейнекөрсетілім туралы не айта аласыз? Не ой түйдіңіз?

2) Топтық жұмыс
Топтық жұмыстың ережесімен таныстырады.
1 - ші топ: Мәтінмен жұмыс; (ресми деректер, тарихи деректер)
2 - ші топ: Алғыс сөздері мен мақал - мәтелдерді жазу;
3 - ші топ:: Ұландар тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

3) Қорғау Әр топқа сұрақ қояды
4) Сергіту сәті Біз ризашылық сөздерді айта білеміз бе? сергіту сәті
Қорытынды
5) Кері байланыс. Білем, білдім, білгім келеді кестесін ұсынады.

Кіріспе Сәлемдесу:
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Шаттық шеңберінде: Ризашылық
- Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
Ризамын бүгінгі күнге,
Ризамын ата - анама,
Ризамын қасымда бірге жүрген сыныптастарыма,
Ризамын саған!
Ризамын, ризамын!,

Негізгі бөлім 1) Миға шабуыл
• Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Топқа бөлу.
• Нұсқау: 3 түсті стикерлер бойынша топқа бөлу.
• 1) Алғыс пен ризашылық дегенді қалай түсінесіңдер?
• 2) Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
3) Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Бейнекөрсетілім: "Қазақстан - бейбітшілік және келісім бесігі", "Ризамын" әні
Бейнекөрсетілім туралы не айта аласыз? Не ой түйдіңіз?

Сынып жетекшісі Еспентаева Клара Кумаргалиевна

1 - наурыз - алғыс айту күні. жүктеу


Скачать


zharar.kz