ШҚО, Үржар ауданы, Қызылту ауылы,
"Кішкенетау орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі
Шакенова Мансия Ораловна
Қазақ тілі 2 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты:
1. Дауыссыз к мен г - нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қандай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету;
2. Ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту;
3. Ұлттық тәлім - тәрбиенің асыл нәрін сіңіру, бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау техникасы, ой қозғау стратегиясы, тірек сөздер арқылы болжам жасау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер, слайд
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық. (слайд)
Қайталау ( Ой қозғау стратегиясы): Дауыссыз дыбыс түрлері (слайд)
ІІ. Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру.
Жұмбақтағы бесік , төсек сөздеріне і әрпін қосып айтқызу және дәптерлеріне жазғызу.
Сөз соңындағы к дыбысынан кейін, дауысты дыбыс келсе, ол г дыбысына айналады.
Мысалы: елек - елегі, кірпік - кірпігі т. б.
• Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу.
Сөздерді оқу, мағынасын ашу, к дыбысы мен г дыбыстарының орнын анықтау.
Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек.
Гүлдесте, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі.
• Дәптермен жұмыс
Күннің реті Көркем жазу
• Сергіту сәті:
Кәне қанат жазайық! (қолдарын екі қапталға созады)
Көгершінге ұқсайық. (қолдарын қимылдатады.)
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық! ( орындарына отырады.) ( слайд )
- жаттығу. Заттардың атын жазу.
• Суретпен жұмыс
Сөздерге і дыбысын қосып жазу. Мысалы: елік - елігі т. б.
• Анаграмма К .
К дыбысынан басталған сөздерді жазу. ( слайд )
(Күлән, көкек, көмір, кеспе, кітап, күрек, кірпі, көмек, көжек)
• Семантикалық карта
• Ойын Қай әріпті жоғалттым?
Шәйне.......
еті......
өрі.......
бөлтірі......
күре.......
белді.......
ІІІ. Сабақты қорытындылау, бағалау.
Санамақты оқу, жаттау. Ішіндегі к дыбысына аяқталған сөздерге і әрпін қосып жазу. Саусақтардың атауымен көрсету, жаттату.
Ережені қайталатып, мысалдар келтіру.
• Мақал - мәтел айту
Ата - бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Жол атасы – тұяқ,
Су атасы – бұлақ,
Сөз атасы – құлақ.
IV. Үйге тапсырма
4, 5 – жаттығу. Ереже жаттау.