Тақырыбы: Қыз Жібек жыры
Мақсаты: Тақырыпты терең талдау, идеясын жан – жақты айқындау.
2. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға салуға, талдай білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Әдептілікті, әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу.
Типі: СТО
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: ЖИГСО - 1, ой шақыру
Көрнекілігі: кейіпкерлер суреті, слайдтар
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін - өзі тану
Барысы:
І Ұйымдастыру
Амандасу, түгендеу.
ІІ Үй жұмысын тексеру.
-. Балалар біз сендермен ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен таныстық. Соның ішінде тұрмыс – салт жырларымен таныстық. Қане сендер қазақтың қандай салт – дәстүрлерін білесіңдер?
- Ал, сендер шашу шашу дәстүрін естігендерің бар ма? Шашуды қандай уақытта шашады?
- Сендерге менің де бүгін шашу шашқым келіп тұр. Бұл шашудың ішінде сендерге тапсырмалар бар.
- Сұрақтарға жауап алу.
ІІІ Шаттық шеңбері
Мен қазақ қыздарына қайран қалам әнін шаттық шеңберінде орындату, тыңдау.
ІV Қызығушылықты ояту
Ой шақыру стратегиясы.
- Халық жадында мәңгі сақталған қандай ару қыздарды білесіңдер?
- Ия, балалар Мұхтар Мағауин пікірінше Әлемдегі ең сұлу қыз – қазақ қызы... деген.
- Жаңағы шаттық шеңберінде орындалған әнде осы сөзбен үндесіп тұр.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз қазақтың ару қыздарының бірі Қыз Жібек жыры.
V Мағынаны тану
ЖИГСО - 1 стратегиясы
1. Сыныпты үй тобына бөлу
Үй тобы Жұмыс тобы
2. Мәтін алдын ала үш бөлікке бөлінген.
Жұмыс тобында әр оқушы жеке өз бөлігін оқиды.
Одан кейін үй тобына оралып бір біріне өз бөліктерін айтып береді.
№1 сұрақтары
1. Төлегеннің дүниеге келуі, ер жетуі.
2. Төлегенді Ақжайық сұлуларына кім ынтық етеді, Айжыйыққа жөнелуі.
3. Қыз Жібекті Төлегенге кім жолықтырды?
№2 сұрақтар
1. Жібек Төлегенді неге менсінбейді?
2. Жібектің Төлегенді еліне неге жібергісі келмеді?
3. Төлеген қандай уәде берді, уәдесін орындады ма? Неге орындамады?
№3 сұрақтар
1. Жібек Төлегеннен айырылғаннан кейін басына қандай пәле тап болды?
2. Жібек Хорен қалмақтан құтылудың жолын қалай табады?
3. Сансызбай деген кім? Жібек неге оған тұрмысқа шығады?
4. Компьютерден кинофильмнен үзінді көрсету.
5. Слайдтан Қыз Жібек киносына түскен кейіпкерлерді көрсету.
VІ Ой толғаныс.
1. Т кестесі стратегиясы
Жібектің Сансызбайға тұрмысқа шыққаны дұрыс па, дұрыс емес пе?
Екі топ жазып шығады.
2. Салыстыру
Ер Тарғын жыры мен Қыз Жібек жырын
Мұғалім: Қорыта айтқанда, қазақтың классикалық түрдегі Қыз Жібек жыры – ежелгі рулық заманда пайда болған жігіттің үйленуі туралы түпкі сюжеттің негізінде орта ғасырларда үлкен эпос болып қалыптасқан түрі. Қыз Жібек жыры профессионалды операға, көркем фильмке негіз болды.
VІІ Бағалау
VІІІ Үйге тапсырма: жырды толық оқу
Қыз Жібек жыры мазмұны