Дети внимательно слушают сказку

Скачать

"Құлыншақ" тобы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының символдары жөнінде білімдерін бекіту. Балалардың мәнерлі сөйлеуін дамытып, балаларды суретке қарай отырып әңгіме құруға үйрету. Өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін ояту.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, әңгімелесу, сөздік жұмыс, ойын.
Көрнекілігі: слайдтар, ҚР туы, Елтаңбасы, Бейнеу ауданының суреттері, дидактикалық ойындар.
Билингвалдық компоненті: Отан - Родина - Motherland, Елтаңба - герб - emblem, ту - флаг - flag, астана - столица - capital. Балалар шеңбер бойына жиналады. Жұмсақ, матадан тігілген жүректі әр бала өз кеудесіне төсей отырып, отанға, туған жерге сүйіспеншілігін білдіртеді.

Мен балабақшамды сүйемін!
Я люблю своих друзей!
I love my land!
Мен елімді сүйемін!
Барлығы бірге:
Жас ұланымын елімнің,
Болам ұл - қыз зор әлі,
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары
Ұйымдастырушы - ізденуші
Слайд бойынша сұрақтар қойылады:
- Балалар сіздер тұратын мемлекет қалай аталады?
Қазақстан Республикасы.

- Қазақстан қандай мемлекет?
Егеменді, тәуелсіз мемлекет.
- Қазақстан Республикасының елбасы кім?
ҚР елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.

- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
Астана қаласы.

Ал сендердің тұратын аудан қалай аталады?
Бейнеу ауданы.

- Тәуелсіз болған соң мемлекеттік рәміздері де бар.
Елтаңба, ту, әнұраны бар.

Тәрбиеші: Біз Қазақстан Респубикасында тұрамыз. Солай ма? Ендеше бүгін, біз көрші елдерге саяхатқа барамыз.

Тосын сәт: (Қонаққа ұлттық киімін киген Ресей өкілі келеді.)
Ресей өкілі: Здравствуйте, дети!
- Ребята! Вы оказались в России. Добро пожаловать в Россию.
- А вы владеете русским языком?
- Да.
- Тогда я проверю ваши знания.
Дети слушают расказ, смотрят слайд, затем отвечают на вопросы.
- Ребята, что это?
- Голова - бас, нос - мұрын, уши - құлақ, глаза - көз, рот - ауыз.
- Молодцы, ребята! Вы хорошо усвоили русский язык.
- Вы любите слушать сказку?
- Да.
- Тогда я раскажу интересную сказку. Сказка называется Колобок .
Дети внимательно слушают сказку.

Воспитатель: Спасибо, вам, до свидания!
- До свидание!
- Ал, балалар саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.
(Осы кезде Ұлыбритания өкілі ретінде Микки Маусты келеді.)
Mikey Mouse: - Dear friends! Do you Towers over there? It is Big Ben. We make wish circle. Come here. Do you know English language. Now we will play the game about body. Repeat after me head, shoulders, knees, toes, eyes, nose, mouse, ears. You are very clever and good boys and girls. Thank you for you. I will be wait for you again. Bye bye.
Микки Маус балаларға ағылшын тілінде Портретте не жетпейді? ойынын ойнатады.

Рефлексивті коррекциялаушы
Тәрбиеші: Балалар, енді қонағымызбен қоштасып, балабақшамызға аралайық.
- Балалар, сендерге саяхат ұнады ма?
- Ия, ұнады.
- Сіздер тұратын мемлекет қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Мемлекетіміздің қандай рәміздері бар?
- Елтаңба, ту, әнұраны бар.
- Қандай елдерде болдыңдар?
- Ресей, Ұлыбритания.
- Балалар Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған ел.
Отан – ана.
Отан – үлкен туған ел!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Осымен саяхатымыз аяқталды. Сау
болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қазақстан Республикасының символдарын біледі. Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөйлемдерді қолдана біледі.
Меңгеруі: Туған қаласының көрнекті жерлерін атай біледі.
Жасай алу: Еліміздің әнұранын жатқа біледі. Тақпақтарды үш тілде мәнерлеп айта алады.


Скачать


zharar.kz