Ақиқат командасы

Скачать

IQ ДОДА (интеллектуалдық көрсеткішті анықтау сайысы)
Мақсаты:
Өз білімімен, ақыл - ойымен, эрудициясымен ерекшеленген тұлғаларды қалыптастыру интеллектуалдық көрсеткішін анықтау. Ұстаздардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Барысы:
(Музыка ойналады)
1 - жүргізуші:
Тілім менің – тірлігімнің тірегі,
Тіл құрметтеу – бар адамның міндеті.
Ана тілді бойымызға сіңіріп,
Танысын бізді бүкіл әлем, жер беті.

2 - жүргізуші:
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп, жетелейді адамды
Әлі ашылар құпиялар сан қырлы -
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қонақтар! IQ ДОДА интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған ұстаздарымызға сәттілік тілейміз.
Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2 - жүргізуші:
Ойын шарты: IQ ДОДА интеллектуалдық сайысына мектеп ұжымынан 2 команда қатысқалы отыр. Әр команда 3 ойыншыдан құралған. Ойын 6 турдан тұрады.
І тур. Дешифратор
ІІ тур. Қисынды ойлай білейік
ІІІ тур. Дода
ІV тур. Аниматорлар У тур. Венгр сөзжұмбағы
УІ тур. Сыйлықтар аукционы

1 - жүргізуші:
Командалармен танысып өтейік.
І. Бірлігіміз жарасқан командасы.
Топ жетекшісі - --------------------
Ұраны: Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін
ІІ. Ақиқат командасы.
Топ жетекшісі - -----------------
Ұраны: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен білімің екі жақтан
2 - жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.
Әділ халқым берерсің әділ баға,
Салыстырып білім менен білікті, -
дей келе ең алдымен сіздерді осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
--------------------------------------
2 - жүргізуші:
Төрағасы, төбе билер, жюрилер,
Әділетпен кеңес құра біліңдер –
дей отырып сайысымыздың І туры Дешифратор кезеңін бастаймыз.
1 - жүргізуші:
Әр топқа 10 сұрақ қойылады, сұраққа дұрыс дұрыс еместігіне байланысты ия немесе жоқ деп жауап беру керек, әр дұрыс жауап 10 балл болып есептеледі.
(Сұрақтарды екі жүргізуші әр командаға кезекпен оқиды)
І командаға қойылатын сұрақтар:
1. Ақпарат сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді бәлдіреді. (ия)
2. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі тойланады ма? (Ия)
3. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
4.. Сонар - үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары жиналып, бас қосып ойын - сауық құруы. (Жоқ)
5. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
6. Енші - үйіндегі балалары ер жетіп жеке үй болғанда, ата - анасының оған беретін дүние - мүлкі, малы. (Ия)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
8. Иткөйлек - баланың 1 жасқа дейін киетін көйлегі (Жоқ)
9. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
10. Ерулік - басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар қонаққа шақырып, ас береді. (Ия)

ІІ командаға қойылатын сұрақтар:
1. Информатика пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. Иткөйлек - баланың туғанына 40 күн толғанға дейін киетін көйлегі (Ия)
3. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
4. Сонар - қыстың күні алғашқы қар түскенде жүрген аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күні аңға шығады да, ізіне түскен аңды соғып алады.
5. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)
6. Ерулік - басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар қонаққа шақырып, ас береді
Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
7. Ерулік - баланың алғаш атқа мінуі (Жоқ)
8. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
9. “Қазақ” газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформатор - Ахмет Байтұрсынов. (Ия)
(Әділқазылар алқасы әр команданың бағасын айтып өтеді)

1 - жүргізуші:
Сонымен ІІ турымыз Қисынды ойлай білейік . Бұл турда әр топқа 5 сөз беріледі. Орындары ауысқан әріптерді дұрыс орналастырып, дұрыс сөз құрайды. Және осы сөздің ішінен информатика мен қазақ тілі сабағына қатыстьы емес артық сөзді табу керек. Жауап толық болса 10 балл, толық болмаған жағдайда 8 балл қойылады. Тапсырма әр командаға слайд түрінде беріледі. Бірінші болып жауабы дайын команда жауап береді.
1 – командаға берілетін сөздер: -------------------------- Жауаптары:
ИНСТКАИСС ------------- СИНТАКСИС
GORMARP ----------------- PROGRAM
TUOECRMP --------------- COMPUTER
ОРМОФОЛЯИГ ---------- МОРФОЛОГИЯ
АССКА --------------------- КАССА


Скачать


zharar.kz