Сабақ тақырыбы: Жүрек – қан айналым мүшесі
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:
1. Қан айналым мүшелері туралы түсінік беру. Жүрек құрылысы, қызметі туралы ұғымын тереңдету.
2. Қанның қызметі, тамыр түрлері жөнінде қарапайым мағлұмат беріп, ағзадағы қан айналым жүйесі жөнінде ұғымын жүйелеу.
Тәрбиелік:
Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спортпен шұғылдануға ықпал ету, жүректі шынықтыруда еңбектің маңызын оқушы санасына сіңіру.
Дамытушылық:
Ақпаратты өздігінен ізденіп игеруге, мәліметтерді сұрыптауға, талдай білуге, салыстыруға, ой тұжырымдауға машықтану, логикасын дамыту.
Әдістер: Ақпараттық, ізденушілік, зерттеушілік, электрондық.
Көрнекіліктер: Электрондық презентация.
Техникалық жабдықтар: Компьютер, проектор.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Тағам түрлері шығады
- Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Қоректік зат не үшін қажет?
- Тағамды қорытатын жүйе қалай аталады?
2. Ас қорыту мүшелері:
1 - топ: Ас қалай қорытылады?
2 - топ: Ас қорыту мүшелеріне нелер жатады?
3 - топ: Организмнің өсуі үшін қандай заттар керек?
Балалар 3 сұрақ төңірегінде өз ойларын айтады.
3. 1 - қатар: Терапевт дәрігерлер ретінде ас қорыту мүшелерінің аурулары туралы қосымша мәлімет береді.
2 - қатар: Диетолог дәрігерлер ретінде бізге дәрумендер туралы, тамақтану гигиенасы жөнінде мәліметтер беріп өтеді.
5. Оқушылар компьютерде орындайды.
Дұрыс тұжырымды белгіле
● Бауыр ас қорытуға қатысатын өт бөледі
● Ұйқы безі ас қорытуға қатыспайды
● Ас қорыту мүшелеріне ауыз, мұрын, өкпе, жұтқыншақ, өңеш, асқазан жатады.
● Тамақтан организм өзіне қажетті заттарды қабылдайды. Бұл затта мүшелердің өсуіне қажет.
● Ас қорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі тамақтану мезгіліне құрамына байланысты емес
6. Үй тапсырмасын қорыту.
Ас қорыту өте күрделі процесс. Астың құрамы да күрделі. Осы күрделі заттар ыдырап, суда еритін, қан құрамына жеңіл өте алатын күйге айналу үшін ас қорыту мүшелері қызмет етеді.