Ауыл шаруашылығы зиянкестерінің түрлерін ата

Скачать

Сабақ жоспары № 11
Топ: ТМ - 12 Курс: II
Мамандығы: 1504000 - фермер шаруашылығы
Біліктілігі: 1504062 ауылшаруашылығы өндірісіндегі тракторшы - машинисті
Бөлімнің тақырыбы: Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін өндіру технологиясы.
Сабақтың тақырыбы: Арам шөптермен, зиянкестермен күресу.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Студенттерді таңдаған мамандығын бағалай білуді үйрету, жаңа технологияға бейімдеп үйрету, арам шөптермен, зиянкестермен күресу.
Дамытушылық: Студенттерді таңдаған кәсібіне байланысты бағыт беру, ой - өрісін дамыту, техникаға деген қызығушылығын дамыту, агротехникалық талаптарын, тракторлардың қосымша жабдықтарын жұмысқа дайындауды, Жаздық және күздік бақтарды кесуге даярлау.
Тәрбиелік: Студенттерді эстетикалық талғамға сай, ұқыптылыққа және іскерлікке тәрбиелеу, отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы
Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау)
Пәнаралық және пән ішіндегі байланыс: агрономия негіздері пәні бойынша топырақтың құнарлылығы, пішен дайындауға және сабан жинауға, еңбек және техника қауіпсіздігі пәні бойынша техникалармен жұмыс істегенде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау, өсімдіктану пәні бойынша астық, бақтар мен жүзімдіктерді, көкөніс дақылдарының химиялық қорғауға.
Материалды - техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар:
Құрал - саймандар жиынтығы: Ауылшаруашылығы өндірісіндегі тракторшы - машинисті мамандығының шеберханасы, тракторлардың қосымша жабдықтары, плакаттар, лабораториялық – практикалық тәжірибе өткізу орны, технологиялық схемасы.
Өткізу орны: № 3 Тракторларды, автомобильдерді және ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу шеберханасы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
1. 1. Сәлемдесу;
1. 2. Студенттерді түгендеу;
1. 3. Студенттердің оқу құрал - жабдықтарын тексеру
2. Кіріспе нұсқау: (42 мин)
2. 1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;
2. 2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;
1. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алудың негіздерін ата?
2. Ашық дала жағдайында қар тоқтатудың маңызын ата?
3. Егер тұқымдық сепкеннен кейін егістік бетінде қатты қабыршақ пайда болса не істелінеді?
4. Күздік егісті күтіп баптау қалай жүзеге асырылады?
2. 3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс - тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;
Ауыл шаруашылығы зиянкестері — қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақымдайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан — құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір - біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді. Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады. Кенелер ауыл шаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді. Кенелердің кейбір түрлері індет таратады. Жұмыр құрттар, негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді.
2. 4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
2. 5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау, қателіктермен жұмыс жасау;
2. 6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;
1. Ауыл шаруашылығы зиянкестерінің түрлерін ата?
2. Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі жәндіктердің түрлері??
3. Арам шөптермен күресу қалай жүзеге асырылады?
2. 7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
2. 8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;
3. Білім алушылардың оқу - өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (180 минут)
3. 1. Білім алушылардың өзіндік оқу - өндірістік жұмыстары:
- Жұмыс орнын жұмысқа дайындау.
- Күресу шаралары. Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап пайдаланады.
- Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды біз тұмсықты немесе дискілі тырмалармен, ал көп жылдық шөптерді тісті немесе бізтұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен саяқ шегірткелерге қарсы 8 - 10 дернәсіл м2, үйірлі шегірткелерге қарсы 5 және оданда көп дернәсіл м2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100 метр сайын әрқайсысы 1м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп, кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс.
- Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе, тиімділігі жоғары болады. әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай, бөгеу және локальді өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40 - 100 м шамасында болуы керек.

Арам шөптермен, зиянкестермен күресу. жүктеу


Скачать


zharar.kz