Мағынасыз достық емес өзгедегі, Біздерді бірлестірген нағыз талап

Скачать

Оразақын Асқар

Қоштасу жыры
Достарым! Біз кетсек те достық кетпес,
Ол мәңгі ортамызда болар ізгі.
Сипатын сұлу сөзбен айтып жетпес,
Келешек кезіктірер тағы бізді.

Өтіп жыл өң - түсіміз өзгереді,
Өзгермес нысанамыз алған қалып.
Мағынасыз достық емес өзгедегі,
Біздерді бірлестірген нағыз талап.

Белгісі болып достық сағыныш күн,
Жүрсек те еске алып жерде шалғай,
Өмірдің қосылғанда шыңынан үн,
Сезерміз бір жерде біз бірге бардай.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Шилісу негізгі мектебінің
4 – сынып оқушысы Қасымбек Арайлым
Сынып жетекшісі Билибаева Қарлығаш Урамбаенва


Скачать


zharar.kz