Қызылша мен балық салаты (Селедка под шубой)Балық (селедка) - 1 басҚызылша - 2 - 3 басЖұмыртқа - 2 - 3 басКартоп - 2 басСәбіз - 1 - басПияз - 1 басМайонез - 100 грТұз - қалауыңызшаЖаңа жылдық дастарханды бұл салатсыз елестету мүмкін емес

Скачать

Қызылша мен балық салаты (Селедка под шубой)
Балық (селедка) – 1 бас
Қызылша – 2 - 3 бас
Жұмыртқа – 2 - 3 бас
Картоп – 2 бас
Сәбіз – 1 - бас
Пияз – 1 бас
Майонез – 100 гр
Тұз – қалауыңызша

Жаңа жылдық дастарханды бұл салатсыз елестету мүмкін емес. Дәмді әрі пайдалы осы салат түрімен қонақтарыңызды бір қуантып аласыз деп ойлаймын. Ендеше іске сәт!
Ең алдымен қызылша, картоп, сәбіз, жұмыртқаны қайнатып пісіріп алу керек.
Суыған соң қабығынан тазалап алыңыз
Балықты қылтанағынан ажыратып тазалап алып майдалап турау керек.
Пиязды майдалап турап, ыстық су құйып ащысын кетіріп алған дұрыс.
Салатқа арналған тәрелкеге ең алдымен картопты үккіштен өткізіңіз, оның үстіне туралған пиязды жұқалап, тегістеп салып шығыңыз да аздап тұз себіңіз, үстіне туралған балықты салыңыз, балықтың үстінен қалауыңызша майонезді салып тегістеп жағып шығыңыз. Майонез жағылған соң, үстіне жұмыртқаны үккіштен өткізіңіз, оның үстіне сәбізді үккіштен өткізіңіз (сәбізді көп салмаған дұрыс) ең үстінен қызылшаны үккіштен өткізіп салыңыз, майонезді қалауыңызша жағып салқын жерге 1 сағатқа қалдырыңыз. Салат дайын, асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Жадыра

Сіздің де салат рецептеріңіз болса поштаға жолдауыңызға болады немесе сайтқа тіркеліп енгізуге болады.


Скачать


zharar.kz