Ахмет еңбектеріне шолу жасау

Скачать

Ахмет Байтұрсынов "Өгіз бен Бақа"
Сабақтың мақсаты:
1. А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын байланыстыра түсіндіру; Ахмет еңбектеріне шолу жасау; Ахметтің халқы үшін жасаған еңбектерінің жоғары екендігін ұғындыру;
Ақын мысалдарының негізгі идеясын, мазмұнын түсіндіру.
2. Ұстаз ұлағатын тану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Балаларды білімділікке, мәдениеттілікке, адамгершілікке баули отыра, көрсеқызарлықтан, көреалмаушылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: композициялық сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, салыстыру, мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, сызба, ақынның шығармашылығынан көрме, интерактивті тақта, дәйек сөздер
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті, биология, қазақ тілі, ән.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
2. Үй жұмысын сұрау.
Сергіту.
3. Жаңа сабақ.
4. Рөлге бөліп оқу.(Сахналық көрініс).
5. Топтастыру стратегиясы.
6. Сатылай кешенді талдау жұмысы.
7. Композициялық талдау.
8. Шығармашылық тапсырма.
9. Қорытынды. Семантикалық картамен жұмыс.
10. Үйге тапсырма, бағалау.

Үй тапсырмасын сұрау
Әдеби ертегінің авторы Әбділдә Тәжібаев өмірі мен шығармашылығы
“Ә. Тәжібаев кім?” топтастыру стратегиясы
Ә. Тәжібаев

Ақын
Қазақстанның халық жазушысы
Филология ғылымдарының докторы
Марапаттаулары: “Октябрь революциясы “орденімен “Еңбек Қызыл Ту ” орденімен 2 рет “Құрмет белгісі” орденімен, медальдармен
Драматург
Профессор
“Жамбыл” кинофильмінің сценарийін жазған.
Әдебиет зерттеушісі
Тұңғыш жинағы “Жаңа ырғақ” 1933 жылы жарық көрген
50 шақты кітаптың авторы
“Толағай” әдеби ертегісі

▪ Толағайдың ер жетуі
Үштен төртке жетті жасы,
Туған айдай екі қасы,
Ақ тістері ақ меруерттей.
Қос жұлдыздай көз жанары,
Қос бетінің тамып қаны,
Жалындайды жанған өрттей.
▪ Толағайдың жолбарыспен арпалысуы
▪ Толағайдың елге жасаған ерлігі

Кім қалды екен егілмеген,
Кім қалды екен төгілмеген,
Көз көргеннен Толағайды.
Күңіренді де анасындай,
Күн де батты шарасыздай,
Түн қап - қара шашын жайды.
Ауысыпты заман талай,
Аталғалы тау – Толағай...

Ой тастау
Толағай сияқты халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген азаматтар бар ма?
Ел Тәуелсіздігіне – 20 жыл
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату – тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықта сақталсын.

Үй тапсырмасын қорытындылау
Ертегі

Қиял - ғажайып, Хайуанаттар туралы, Шыншыл ертегі, Әдеби ертегі

Сергіту сәті:
Шаттық шеңбері

Жаңа сабақ
А. Байтұрсынов (1873 - 1938)

1873 жылы 28 қаңтарда Қостанай облысы, Торғай алыбындағы, Сарытүбек жерінде дүниеге келген.
Ақын - аудармашы.
Көркемсөз шебері, ғалым. Әдебиет зерттеушісі.
Ағартушы.

Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнына қатысты пікірлер

М. Әуезов: “Ақаң ашқан қазақ мектебі Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілік ұраны, “Қырық мысал”, “Маса” еңбегі, “Қазақ” газетінің 1916 жылғы қанжылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер, білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды”.

С. Сейфуллин: “Оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, арын жоқтаған, патша заманындағы жалғыз – ақ Ахмет еді. Қалай болса да жазушысы азғана, әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай... ”

Тау сілеміндей мол мұра
1882 - 1885 жж.
Ауылында хат танып сауат ашты. Осы жылы әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қазанның 12 – де Сібірге 15 жылға жер аударылады.
Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін 13 – де жаралайды.
1891 - 1895жж.
Мұғалімдікті бітіріп, ауыл мектептеріне мұғалім болды. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады.

1909ж.
Абайдан кейінгі аудармашы Ахмет Иван Андреевич Крылов (1768 - 1844ж) туындыларын аударып “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте басып шығарды.
1912 - 1920жж.
“Қазақ” газетінің редакторы, “Алашорда” партиясы басшыларының бірі ретінде қазақ елінің болашағы, тәуелсіздік үшін қызмет етті.
Ғылыми еңбектері: араб жазуын қазақ тіліне ыңғайлап өңдеді. Әліппені қазақ танымына, ұлттық түсінігіне лайықтап жазды “Оқу құралы” деген атпен 1912 жылы Орынборда басылып шықты.
Осы жылдар аралығында бірнеше кітаптары жарық көрді.
1929 - 1938жж.
Ахмет ұсталып, абақтыға қамалады да, лагерде ұзақ азап көріп, одан 1936 жылы қайтып келгенімен, 1937 жылы тағы жаппай жазалау науқанына ұшырап, 1938 жылы өлім жазасына кесілді.
Мысал

▪ Өсиет болатын ойды баяндайды: Еңбексүйгіштікке, адалдыққа уағыздайды. Жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде айтып түсіндіреді.
▪ Жақсы қасиеттерді мадақтайды: Аллегория
Иван Андреевич Крылов
“Аққу, шортан һәм шаян”, “Қасқыр мен қозы”, “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Қартайған арыстан”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен Есек”, “Өгіз бен бақа”.


Скачать


zharar.kz