Оқыту үшін және оқуды бағалау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының Он жетінші қара сөзі
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 8 - сынып оқулығы
Жалпы мақсаты: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, он жетінші қарасөзінің мазмұнын меңгерту.
Оқыту нәтижесі: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту.
Оқыту формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Сәлемдесу арқылы сыныпта психологиялық жақсы ахуал қалыптастыру.

Үй тапсырмасы сұралады.
Абайдың Өлең ‐ сөздің патшасы, сөз сарасы өлеңін жатқа сұрау.
Қайталау сұрақтары:
Абай Құнанбайұлы қай жылдар аралығында өмір сүрген?
Қай өңірде дүниеге келген?
Ақын кімдердің тәрбиесін көп алған?
Абай ақын өлең жазуда кімдерге еліктеді?
... Маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен тең түсетіндей кездері бар секілді пікірінің авторы кім?

Қызығушылықты ояту
Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек.
Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Оқушылардан қайрат, ақыл, жүрек туралы сұрап, жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оятады.

Абай өз қарасөздерін 1890 - 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл - ойы толысып, жасы кемелденген, көрген - білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қарасөздерін жазуды қолға алған. Өзінің қарасөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қарасөзінде атап көрсетеді: Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ .
Абайдың қарасөздерінің саны ‐ 46. Бірақ біз 46 - ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы деген қарасөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.


Скачать


zharar.kz