Тақырыбы: Репродуктивтік денсаулық. Жыныстық жолмен жұғатын аурулар.
Тобы: 2 м с А
РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ (reproductive health) – репродуктивті жүйе, оның қызметі және онда болып жатқан процестерге қатысты толық физикалық және әлеуметтік саулық.
Кез келген мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі дені сау ұрпақ ұдайы өсуі үшін репродуктивтік денсаулықты қорғау болып табылады. Қазақстанда бұл проблема мемлекет деңгейіне көтерілген, маңызды Үкіметтік құжаттарда көрінісін тапқан және еліміздің демографиялық саясатына тікелей байланысты. Репродуктивтік денсаулықты қорғау бойынша бағдарлама 2007 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1260 қаулысымен бекітілген Салауатты өмір салты Бағдарламасының басымды бағыттарының бірі болып табылады.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының репродуктивтік денсаулығын нығайту және қорғау.
Мақсатты топтар:
Фертильдік жастағы әйелдер;
Фертильдік жастағы ерлер;
Жасөспірімдер, жастар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтауы бойынша бала туатын жастағы жұбайлар, контрацептивтер қолданбай, бір жыл бойына үнемі жыныстық қатынаста болып, балалары болмаса, бұл бедеу неке болып есептеледі.
Бедеуліктің профилактикасы
Қазіргі кезде әйелдер мен ерлер бедеулігінің жиілігі теңелді. Некедегі жұбайлардың балалары болмауы аса елеулі жанұялық проблема болып табылады, бұл әр жұбайды ауыр психологиялық күйзелістерге соқтырады, ал жалпы қоғамды экономикалық және әлеуметтік салдарға ұшыратады. Әйелдер мен ерлердегі бедеуліктің себебі жыныстық жолдармен берілетін және жыныс мүшелерінің қабынбалы созылмалы ауруларына әкелетін инфекциялар (хламидиоз, микоплазмоз, гонорея, гениталдық герпес, сифилис және т. б). Кейде бір науқаста бірнеше инфекциялар болуы ықтимал. Әрқашан жұбайлардың екеуі де емделуі қажет.
Әйелдер бедеулігінің басты себебі әсіресе алғашқы жүктілік кезінде жасаған аборттар, несеп - зәр
жолдарының қабыну аурулары, Гормоналдық бұзылыстар.
Басқа себептер
балалық шақ кезінде ауырған инфекциялық аурулар, эндокриндік аурулар, инфекция ошағының болуы, жыныстық жетілу бұзылыстары, қолайсыз экологиялық жағдайлар. Бедеуліктің кейбір
формаларының генетикалық тамыры бар, бұл жұбайлардың генетикте тексерілуін талап етеді. Сондай - ақ, алкогольді, темекіні, есірткілерді шамадан тыс артық тұтыну, несеп - зәр жүйесінің туа біткен дерттері бедеулікке соқтыруы мүмкін.
Әйелдер темекі шегушінің репродуктивтік денсаулыққа тигізетін әсері
• Гормоналдық контрацептивтерді қолданатын темекі шегуші әйелдерде, темекі шекпейтін құрбыларымен салыстырғанда, миокард инфарктінің даму қауіп-қатері 20 есеге артық.
• Ағзаның тез қартаюына және климакске әкеліп, никотин негізгі әйелдер гормоны эстрогеннің түзілуін төмендетеді.
• Темекі шегушілік және шылым түтінімен тыныстау ұрық дамуына кері әсерін тигізеді, бұл ұрықтың өліміне немесе мерзімінен бұрын босануға әкелуі мүмкін.
• Планцета арқылы темекі түтіні ұрықтың қанына еркін түсіп, оттегінің жойылуына (гипоксия) ұшыратады.
• Темекі шегетін аналар сәбилерінің кенеттен болатын өлімінің қауіп - қатері 2 есеге артық.
• Босанудан бұрын және жүктілік кезінде темекі шеккен аналардың сәбилері аллергияға көбірек ұшырағыш, болашақта алгольдік ішімдіктерге, есірткілерге немесе темекіге салынуларының қауіп - қатері зор.
Салауатты өмір салтын ұстану, салауатты тамақтану, дене шынықтыру белсенділігі, нәрестені жас кезінен шынықтыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жасөспірім кезінде тәуекел тәртіптен бас тарту бала сүю бақытына әкеледі.
Қауіпсіз ана болудың негізгі қағидаттары:
• жүктіліктің ерте кезеңінде әйелдер консультациясына дер кезінде көріну ана мен сәби денсаулығына төнетін қауіп - қатер деңгейін төмендетеді (жүктіліктің 12 аптасына дейін);
• әрқашан босану білікті медицина қызметкерінің байқауымен өтуі тиіс;
• жүктілік кезеңінде барлық әйелдер күшейтілген тамақтануға және қосымша демалысқа мұқтаж;
• жүктілік кезеңінде әйелдер темекі шексе, алкогольдік ішімдіктер ішсе немесе есірткілер тұтынса, бұл әлі тумаған сәби денсаулығына үлкен зиян келтіреді.
онколог емдейді.
Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын аурулар (ЖЖЖА)
бұл жұқпалы аурулар, оның себебі құрамында вирустар, бактериялар немесе қарапайым қоздырғыштар болуы мүмкін микробтар (қоздырғыштар) болып табылады. Бұл микробтар (қынаптық, тік ішектік немесе ауыз арқылы) жыныстық қатынас жасау барысында ауру адамнан сау адамға жұғады. Оның үстіне кейбір инфекциялар (АИТВ, В, С, Д гепатиті) қан арқылы да жұғады.
Жыныстық жолмен жұғатын аурулар
Қазіргі кезде 25 астам түрі белгілі. Олардың ішінде ең кең тарағандары:
трихомониаз,
гонорея,
сифилис,
хламидиоз,
В және С гепатиттер,
АҚТҚ (ВИЧ - инфекция),
ұшық инфекциясы және т. б.
ЖЖЖА таралуының негізгі жолы
мүшеқапсыз (презервативсіз) өтетін жыныстық қатынастар арқылы. Алайда кейбір инфекциялар В және С гепатиттер, АҚТҚ (ВИЧ - инфекция) қан арқылы берілуі мүмкін.
ЖЖЖА белгілері
Несепағардан шығатын, ал әйелдердің қынабынан бөлінетін жағымсыз иісті бөлінді.
Жыныс органдарының айналасындағы терінің және шырыштардың қызаруы, ойдым - ойдым
жаралар, сүйел, бөртпе, зәр шығарғанда ауыру және ашу, шаптың лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ауыруы. Алайда көптеген ЖЖЖА белгілерсіз өтуі мүмкін.
Қазақстан бойынша эпидемиологиялық ахуал.
Соңғы жылдарда Қазақстанда ЖЖЖА ауру – сырқаушылық деңгейінің төмендеуі байқалады. ҚР Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2008 жылы ЖЖЖА құрылымында басым болды:
трихомоноз – 29, 1%,
гонорея – 10%,
сифилис – 9, 6%,
хламидиоз – 7, 8%.
Гонореямен ауру
Бұл ауруды гонококк бактериясы туындатады.
Негізгі жұқтыру жолы бұл мүшеқапты пайдаланбай жыныстық қатынас жасау.
Жыныстық қатынас жасау түріне орай (қынаптық, анус немесеауыз арқылы) соз ауруы зәр шығару жолдарын, тікішекті немесе тамақты зақымдауы мүмкін.
Бастапқы белгілері жыныстық қатынас жасалғаннан кейін тек 5 - 7 күннің ішінде ғана пайда болады.
Соз ауруының белгілері:
ерлерде – жыныс мүшесінен кілегей тәріздес іріңді бөлінді шығады, қышиды, ауырсына және жиі зәр шығарады;
әйелдерде – зәр шығару жолдарынан және қынаптан сарғыш немесе жасыл түстес бөлінді шығады, қышиды, ауырсына зәр шығарады.
Тік ішек созы анус аумағы қышып, тікішектен іріңді бөлінділер шығады.
Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.
Қауіптілігі: емделмеген (созылмалы) соз ауруы салдарынан бедеулік туындауы мүмкін.
Трихомониазбен ауру
сырқаушылық 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 235, 1 - ден 133, 9 дейін төмендеді. Аса жоғары көрсеткіштер 100 мың халық санына
Ақмола облысында – 232, 7;
Солтүстік Қазақстан облысында – 206, 1;
Оңтүстік Шығыс Қазақстан обл. – 206, 7 жағдайлар тіркелді.
ТРИХОМОНИАЗ
Бұл жұқпалы ауруды бір жасушалы трихомонад паразиті туындатады. Трихомониазды негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.
Белгілері:
ерлерде – әдетте ауру белгілері білінбейді, бірақ ер кісілер инфекция тасымалдаушылар болуы мүмкін;
әйелдерде – зәр шығару кезінде ауырсыну, күйдіру, қышу байқалады және жағымсыз исі бар көпіршікті көп бөлінділер шығады (әдетте ауру жұқтырғаннан кейінгі 3 - 11 күннің ішінде білінеді).
Трихомониаздың алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.
Қауіптілігі: созылмалы дәрежесіне тез көшеді.
ХЛАМИДИОЗ
Бұл ауруды хламидия бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.
Хламидиоздың белгілері:
ерлерде – зәр шығару жолдарынан (аздаған) бөлінді шығады, зәр шығару функциясы бұзылады;
әйелдерде – зәр шығару функциясы бұзылады, зәр шығару жолдары мен қынаптан бөлінді шығады. Ауру көбінесе білінбейді.
Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.
Қауіптілігі: емделмеген хламидиоз салдарынан бедеулік пен импотенция туындауы мүмкін; әйелдерде - бедеулік, мерзіміне жетпей түсік тастау және нәрестелердің патологиясы орын алуы мүмкін.
ГЕНИТАЛДЫҚ ҰШЫҚ
Гениталдық ұшық – қарапайым ұшықтың вирусы туындататын көп таралған вирустық инфекция. Гениталдық ұшық жұқтырудың негізгі жолы жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.
Белгілері:
Гениталдық ұшықтың негізгі белгілері: жыныс мүшелеріндегі, ауыртатын, қышытатын бөртпелер, кейде – құйрықта және көтеннің айналасында болады, олар кейіннен ашылады (жарылады) да, қабыршақтанып кебеді.
ерлерде – бөртпелер жыныс мүшесінің басында, түпкі жағында және зәр шығару жолдарында орналасады;
әйелдерде – бөртпелер жыныстық қатпарларда, шошақайда, қынапта және жатыр мойнында орналасады; бөртпелермен қатар көбінесе дене қызуы көтеріледі, бас ауруы, белі ауруы, әлсіздік туындайды
Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.
Қауіптілігі: ұшық иммундық жүйені бұзылысқа түсіреді. Ауру көп қайталанған жағдайда иммун тапшылығы жағдайын туындатады. Қарапайым ұшық вирусы жүктілік пен босану патологиясы дамуының, аяқ - асты түсік тастаудың, ұрықтың жатыр ішінде өлуінің себепкері болуы мүмкін.
Сифилиспен ауру – сырқаушылық 2008 жылы 100 мың халық санына 41, 2 құрады. Аса жоғары көрсеткіштер
Астана қаласында – 75, 8,
Шығыс Қазақстан – 51, 3,
Қарағанды – 54, 2 облыстарында тіркелді.
Сондай - ақ, ауыл тұрғындарымен салыстырғанда, қала тұрғындары сифилиске екі есе жиірек шалдығады.
Өте күрделі және қауіпті дерттер қатарына жатады, бұл дерт ішкі органдар мен жүйке жүйесін зақымдайтыны себебінен науқасты мүгедектікке және ауыр салдарға соқтырады. 1905
жылы неміс ғалымдары сифилисті қоздыратын Ашық түсті трепонема бактериясын
ашты және сипаттады. Жұқтырғаннан бастап бірінші белгілер пайда болуына дейін 10 күннен үш айға дейін уақыт өтеді.
Ауру үш кезеңге бөлінеді:
Астана қаласы Шипагер медицина колледжі мекемесі
Құрастырған оқытушылар:
Адылканова А. М.
Абылкасымова Р. А.
Репродуктивтік денсаулық. Жыныстық жолмен жұғатын аурулар. жүктеу