Келе жатам көше бойлап аяңдап, Күні бойғы қызметімді тәмәмдап

Скачать

Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Келе жатам Алматыға жаяулап,
Келе жатам, арман қуып, ой аулап.
Жапырағын баяу ғана қозғайды,
Ұйықтамаған, ұйықтамаған ояу бақ.

Келе жатам, жұрт та келе жатады,
Өзінше әркім рахатқа батады.
Ұясына күн кіре алмай тұрады,
Жапыраққа ілініп қап шапағы.

Келе жатам көше бойлап аяңдап,
Күні бойғы қызметімді тәмәмдап.
Ойым бұлттың арасында жүреді,
Бір жаңбырдың жауатынын хабарлап.

Келе жатам, келе жатам ақырын,
Бақшалардан мен естимін тату үн.
Бәз біреулер құшақтасып жатады,
Көптен көрмей, кездестіріп жақынын.

Келе жатам, көкірегімде жылы ағын,
Жүгіреді, арта түсіп құмарым.
Көшедегі күлкіні де шуды да,
Сол бір сәтте естімеді құлағым.

Көргендерге түсініксіз мінезім,
Сәби болам, ашсам егер жыр көзін.
Сол бір сәтте мен өзім – бір Алматы,
Сол бір сәтте мың бақшамын бір өзім.

Жарысқанда уақыт деген ұрымын,
Тағы шылым тартылд - ау түнімен.
Апатайым, бөлмей - ақ қой ұйқыңды,
Өткен түні тағы ұйықтамай шығып ең.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz