Сабақтың тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаттары: 1. білімділік – есімшенің түрленуі мен жасалуы жайында алған білімін жаңа тақырыпты өту барысында жүзеге асыру, теориялық білімін тәжірибеде пайдалана білуге үйрету, синтаксистен білімін толықтыру.
2. оқушының өз бетінше ойлануы арқылы жаңа тақырыпты проблемалық сұратарға жауап беру барысында меңгеруіне жағдай жасау, ойлау белсенділігін арттыру. ҰБТ - ға дайындықтың басталғанын ескерту және есте сақтау қабілетін арттыру.
3. рухани қазынасын байыту, еліміздің тәуелсіздігіне қатысты сөйлемдерді пайдалану барысында оқушының патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа, аралас.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, жаттығу, шығармашылық ізденіс.
Сабақтың интеграциялық мүмкіндігі: әдебиетпен, орыс тілімен, тарихпен, географиямен.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.(3 мин.)
Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпты сұрау. Өткен тақырыпты сұрау үшін ішінде сұрақтар берілген 6 түрлі шар ілінеді. Бұл шарларда Есімше деген сөздің әр әрпі бөлініп 6 шарға жазылған болатын. Әр оқушы сол шарды таңдап және шарды түртіп қалып жару арқылы ішіндегі сұраққа жауап береді
1. Етістік дегеніміз не?
2. Оның өзіне тән категорияларын ата.
3. Есімше дегеніміз не екенін есімше сөзінің өзін құрамына талдату арқылы айтқызу. (Яғни, есімшенің түбірі – есім, жұрнағы –
- ше болса,- ше жұрнағы секілді, сияқты деген мағынаны білдіреді. Есімшемен танысқанда мен ең алдымен есімше деген сөздің құрамын түсіндіріп барып кейін сол сөздің мағынасын ашқан болатынмын, оқушыларға өз беттерінше есімшенің есім сөздердің және етістіктің орнына жүретінін түсінуге сондай бағыт бергенмін және есімше деген сөздің туынды үстеу болатынын айтқанмын.)
4. Есімшенің жұрнақтарын атау және мысал келтіру.
5. Жалғаулардың есімшеге қатысы бар ма?
6.- мақ,- мек,- бақ,- бек,- пақ,- пек жұрнақтары қай етістікке жалғанбайды? (болымсыз етістікке жалғанбайтынын есте сақтау – оқушының міндеті)
Жаңа сабақ: сабақтың мақсатын хабарлау.
Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық жасау үшін қойылған сұрақ: сөйлемдегі қызмет, сөз табының сөйлемдегі қызметі деген не? Оқушылар өз ойын төмендегі сызба арқылы білдіріп көруге талпынады. Сөйлем құру, өз орны бар, түрлену арқылы түрлі сөйлем мүшесі болады, сұраққа әр жағдайда түрліше жауап бере алады.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жукенова Баянды Болатовна