Аспаптық музыканың түрлерін ата

Скачать

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Ақтан жырау негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі
Шамбаева Ақбота Боранбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Оркестр
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оркестр туралы мағлұмат беру, оркестр түрлерімен таныстыру
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - қабілетін, шығармашылығын, есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелігі: Балалардың қазақтың аспаптық өнеріне деген қызығушылығын дамыту

Көрнекілік: Күй жазылған дискі, сөзжұмбақ, кесте, тірек сызба

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Ә) психологиялық дайындық:
Тілек шамы оқушылар шамды ұсыну арқылы бір біріне жақсы тілек тілейді

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Кубизм әдісі
1. Аспаптық музыка дегеніміз не?
(Арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшін жазылған шығарма)
2. Аспаптық музыканың неше түрі бар?(жеке аспаптық, ансамбльдік және оркестрлік)
3. Халық музыкасының аспаптық түріне нені жатқызуға болады?(Күй)
4. Аспаптық музыканың ең күрделі түрлерін ата?(Симфония, соната)
5. Симфониялық музыканы қандай аспаптар орындайды?(үлкен аспаптар тобынан құралған оркестр орындайды)
6. Аспаптық музыканың түрлерін ата?(концерттік, аспаптық ансамбльдер жатады)
7. Соната дегеніміз не?(фортепиано, скрипка сияқты белгілі бір аспапқа арналған, бірнеше бөлімнен тұратын музыкалық шығарма)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
1. Аспаптық музыка дегеніміз не?
(Арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшін жазылған шығарма)
2. Аспаптық музыканың ең күрделі түрі? (Симфония, соната)

ІІІ. Жаңа сабақ: Сөзжұмбақ
Ш а ң қ о б ы з
Ш е р т е р
І ш е к
Ж е т і г е н
с ы б ы з ғ ы
А с а т а я қ
Д о м б ы р а

1. Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап.
2. Үш ішекті шертіп ойнайтын аспап.
3. Ішкеті аспаптардың негізгі бөлігі.
4. Көп ішектен тұратын музыкалық аспап.
5. Қурайдан жасалатын аспап.
6. Сілкіп ойналатын аспап.
7. Халқымыздың көне шежіресі атанған музыкалық аспап.
Оркестр мәтіні оқылып, талданады

Оркестр - музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы және оны басқаратын дирижер болады.
Музыкалық шығармалардың түріне қарай симфониялық оркестр, ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада оркестрі, камералық оркестр, халық аспаптар оркестрі болады. Музыкалық аспаптардың құрамына (ішекті, ыспалы, үрмелі, ұрмалы) және олардың дыбыс бояуының байлығына байланысты симфониялық оркестр басқа оркестрге қарағанда күрделірек келеді.
Қазақстанда алғашында үрмелі аспаптар оркестрі ғана болды. Ал 1943 жылы Алматы қаласында Ахмет Қуанұлы Жұбановтың жетекшілігімен халық аспаптар оркестрі құрылды.
Халық аспаптар оркестрінің басқа оркестрлерден айырмашылығы бар. Оркестрдің басым бөлігі тек халық аспаптарынан ғана құралады:
домбыра - прима, қобыз, қылқобыз, шаңқобыз, қоңырау, жетіген, сазсырнай, үскірік, шыңдауыл, дабыл, даңғыра, шертер және т. б
Қазір республикамызда халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, Қазақ теледидары мен радиосының эстрадалық камералық оркестрі, Отырар сазы фольклорлық - этнографиялық оркестрі, Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрі, Қазақ академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, Қазақ академиялық драма театрының оркестрі, т. б жұмыс істейді. Сондай - ақ елімізде көптеген көркемөнерпаздар оркестрі бар.
Оркестрлеу - музыкалық шығарманы оркестрге лайықтап жасау (аспаптау)
Симфониялық оркестр - классикалық көлемді музыкалық
шығармаларды ішекті, үрмелі, ұрмалы, т. б аспаптарда орындайтын ұжым
Халық аспаптар оркестрі - халық музыкасы мен классикалық шығармаларды орындайтын халық аспаптарынан құралған ұжым
Үрмелі оркестр - тек үрмелі музыкалық аспаптардан құралған ұжым. Үрмелі оркестр музыкасы көбіне салтанатты шараларда, мерекелерде орындалады. Үрмелі оркестр құрамына - труба, тромбон, бас, саксафон, флейта және тағы басқа аспаптар болады

ІҮ. Сергіту сәті: А. Жұбанов Ақ көгершін
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру
1. Қандай оркестр бейнеленген?
2. Музыканттар қандай музыкалық аспаптарда ойнап отыр?
3. Оркестрді кім басқарып тұр?

Музыка тыңдау:
Құрманғазының Адай күйі. Күйші адай руының атын жалпылама алып, еркіндік сүйген елін, халқының ерлігіне арналған.

1. Күй қандай екпінде орындалды? (жылдам)
2. Қандай аспаптың үні басым естіледі? (домбыра)
3. Күй шығарған композитор кім? (Құрманғазы)
4. Күйді қандай оркестр орындады? (Халық аспаптар оркестрі)

Дәптермен жұмыс:
Оқулықта берілген кестені толтыру барысында, оқушылар оркестр құрамына кіретін музыкалық аспаптарды есіңе түсір.

Оркестр түрлері---------------------Оркестр құрамындағы аспаптар
Халық аспаптар оркестрі - (Домбыра - прима, қобыз, сырнай, жетіген, қылқобыз)
Симфониялық оркестр - (Ішекті, үрмелі, ұрмалы)
Үрмелі оркестр - (Труба, тромбон, бас, саксафон, флейта)

Мағынасын ашу
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Шығармашылық жұмыс: Оркестр құрамына кіретін, өзі ұнататын музыкалық аспаптардың суретін салу. Ол музыкалық аспап қандай оркестрдің құрамына кіреді?

ҚОРЫТЫНДЫ: Бекіту сұрақтары:
1. Оркестр дегеніміз не?
(Музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы)

2. Оркестрдің қандай түрлері бар?

Оркестр түрлері:
Симфониялық - Үрлемелі аспаптар
Камералық - Эстрада оркестрі
Халық аспаптар - Ішекті аспаптар

Үй тапсырма: Оркестр тақырыбын мазмұндау
Бағалау. Өзін - өзі бағалау (парақша таратылады)

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz