Сабақтың тақырыбы: Информатикалық жарыс
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, спортқа деген көзқарастарың күшейту, топтық жұмысты насихаттау, бір - біріне деген сенімді арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: доптар, теннис шариктер, қаптар, карточкалар, плакаттар, жіп, маркер, қалам, қасықтар.
Сабақтың әдісі: ойын әдісі.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.
Бүгінгі ойын төрінде,
Информатика еліне, алгоритм тілінде, есеп шешіп жарысып, шабыт тасып шалқысып, көңілді ойын жасайық!
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Информатикалық жарысқа қош келдіңіздер! Біздің бүгінгі ойынымыз Сочи қаласында өтетін қыстық олимпиада ойындарға арналады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр
Жарыс 5 турдан тұрады:
І - тур - Таныстыру
ІІ - тур - Бой сергіту
ІІІ - тур - Кім жылдам
ІҮ - тур - Программист
Ү - тур – Фристайл
ҮІ - тур - Кенгуру
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
ІІ. Қазылар алқасымен таныстыру:
1. Мекебаев Шохан - ДТЖО, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
2. Мадиярова Айгүл – информатика пәні мұғалімі
3. Қошманова Динара - информатика пәні мұғалімі
ІІІ. Ойын барысы.
І. Таныстыру - командалар атын, ұраның айтады.
ІІ. Бой сергіту Баскетбол доппен барып, тапсырманы орындайды, қайтып келіп допты екінші ойыншыға тапсырады.
Тапсырмасы Паскаль операторларды жазып көрсет:
1 - Тақырып білдіретін оператор – Program
2 - Айнымалыларды көрсететін оператор - Var
3 - Басын және соңын көрсететін операторы - Begin, End
4 - Енгізу операторы - Readln
5 - Шығару операторы – Writeln
1 - задание: Напиши операторы на Паскаль
1. Оператор заголовка – Program
2. Оператор ввода неизвестных - Var
3. Операторы начала и конца - Begin, End
4. Оператор ввода - Readln
5. Оператор вывода данных – – Writeln
ІІІ - тур - Кім жылдам қасыққа салынған теннистік шаригімен жүгіріп тапсырманы орындап, қайта жүгіріп келеді.
Тапсырмасы: Блок - схема тұрғызу үшін қандай блоктар қолданамыз, суретін сал.