Абхаз мақал-мәтелдерінен
Кезінде егілген кезінде көктейді.
Таздан тарақ сұрама.
Қонақ тартқан сыбағадан қожайын да татады.
Халық қарғаған ағаш семіп қалады.
Қадала қарасаң, сүттен де қара табылар,
Соятын өгізді де суға қандырып сой.
Қартайған ағашты құрт басады.
Тұғырдан құлағанды тұлпарға мінгізбе.
Бауыры жоқ бағананы құшақтайды.
Екі қайталанған сөздің исі шығады.
Тапалдың қолы жетпепті,
Ұзынтұра иілмепті.
Ақымақ балташы орманға кірсе,
Ағаш біткен қалтырайды.
Өмірі жаманның өлімі де жаман.
Ит үш аунамай жатпайды.
Сиыр сойылған жерде
Серке де сойылады.
Екі ергежейлі де дүниеге симапты.