Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым - тыйымдары туралы түсінік беру

Скачать

Жыл басы – Наурыз
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар. т. б.
Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.
І. Таныстыру
ІІ. Халық әндерін тамашалау.
ІІІ. Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру.
IV. Ұлттық билерден сайыс.
V. Қазақ халқының қонақжайлылығы (дастархан)
VI. Ұлттық ойын( күрестен, кіртас көтеру, аударыспақ ойнау )

Фанфары:
Ералхан: Армысыздар ағайын!
Гаухар: Есен - аман бармысыздар!
Ералхан: Жыл басы - Наурыз мерекесіне қош келдіңіздер!
Қасиетті көктем мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Табиғат қай кезде болмасын тамаша дүние.
Гаухар: Наурыз – жылдың басы Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні - Қазақ үшін, әрқашан да қасиетті, киелі.

Жыл басы Наурыз мереке құтты болсын.
Гүлдей болсын өмірлеріңіз,
Нұрға толсын көңілдеріңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Ералхан: Мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Сауыт Жұмагүл Қабидоллақызына береміз.
Гаухар: Ой, халайық, халайық,
Жырдан шашу, шашайық.
Нәзік үнді Таңшолпанның
Әсем әнін тыңдап алайық
Ән: ---------. Орындайтын: Сағатова Таңшолпан. Қарсы алыңыздар.
Ералхан: Наурыз - жаңа жыл тойы, халықтардың ынтымақ күні. Наурыз – қазақ күнтізбесінде бірінші айдың аты. Осы мерекені тойлайтын халықтар үшін үлкен салтанат. Самарқанның көк тасы жібіген күн деп қастерлейді.

Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
(Раушан апай шашу шашады.)

Гаухар: - Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен. (Қыдыр ата наурыз ханшаймымен бірге келеді)
Ералхан: Қош келдің Қыдыр ата!
Гаухар: Қош келдің Наурыз ханшайымы!
Бата:
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын,
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын,
Елдің іргесі берік болсын,
Жасқа қызмет, кәріге құрмет болсын.
Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Аумин!

Сабина: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта, ағы бар.
Ішілетін жейтіннің,
Бұл көжеде бәрі бар.
(Қыздар наурыз көже таратады)

(Жұмагул апай өзі шығады)

Гаухар: Наурызда жаңа жыл басталады.
Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.
Жер ана да бусанып қозғалуда,
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.
Мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндерін наурызға арналған жыр - шумақтарымен қарсы алайық

Ералхан: Құрметті қауым! Жыл басы Наурыз мерекелік іс - шарамызбен таныс болыңыздар:
І кезеңде Таныстыру
ІІ кезеңде Халық әндерін тамашалау.
ІІІ кезеңде Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру.
IV кезеңде Ұлттық билерден сайыс.
V кезеңде Қазақ халқының қонақжайлылығы (дастархан)
VI кезеңде Ұлттық ойындар

Гаухар: Әділдікпен баға берер баршаға,
Әділдікпен қарақылды қақ жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Үздік ауылды бүгін таңдап алуға – деп қазылар алқасын сайлайық.
Ералхан: 1.
Гаухар: 2.
Ералхан: 3.

Гаухар: Наурыз тойы тойланатын күн осы,
Ақ дала жасыл далаға айналып,
Наурыз тойға арналады жыр осы - дей отырып, іс – шарамызды бастаймыз!
Ералхан: Бүгін бізге сайысқа,
Алуан ауылдар келіпті.
Кім екенін білейік,
Танысуға кезек берейік, - әр ауыл өздерін таныстырып өтсін
І. Таныстыру кезеңі
Гаухар: Өз ауылын таныстыру үшін Қазыбек би ауылын ортаға шақырамыз
Ералхан: Төле би ауылын шақырамыз.
Гаухар: Әйтеке би ауылы
Гаухар: Ералхан ағай сіз білесіз бе? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.
Ералхан: Иә, иә, Гауһар апай. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.

Гаухар: О заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірі - бірін.
Тыңдайық тамашалап, көрермендер,
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.-
ІІкезеңде Халық әндерін тамашалайық
Гаухар: Қазыбек би ауылын ортаға шақырамыз
Ералхан: Төле би ауылын шақырамыз.
Гаухар: Әйтеке би ауылы шақырамыз

Гаухар: Наурызда салт - дәстүрім жаңғырар,
Наурызда салт - дәстүрім жаңарар
Ата - баба дәстүрін қашанда
Дәріптейік, үлгі етейік баршаға – деп келесі кезеңімізде ауылдардың дайындаған салт - дәстүрін тамашалайық!

Гаухар: Қазыбек би ауылын ортаға шақырамыз
Ералхан: Төле би ауылын шақырамыз.
Гаухар: Әйтеке би ауылы шақырамыз

Гаухар: Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Ералхан: Бүгінгі кеш өтіп жатыр әнімен,
Әр топ әсем болар өз өнерімен.
Өздері дайындап әкелген өз өнерін,
Сіздерге көрсетеді өз мәнімен, - дей келе,.
Келесі кезеңіміз Ұлттық билерден сайыс

Гаухар: Қазыбек би ауылын ортаға шақырамыз
Ералхан: Толе би ауылын шақырамыз.
Гаухар: Әйтеке би ауылы шақырамыз

Гаухар: Қазақ даласында үш күнге созылған (22 - 24 Наурызда). Осы күндері әрбір отбасының дастарханынан көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық, қабағы жайдарлы болған. 22 – Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз саналған.

Ералхан: Қазақ халқының қонақжайлылығы – дастархан. Қазылар алқасы
әр ауылдың дастарханы мен безендірулерін бағалауы тиіс.

Гаухар: Жаса Наурыз, жаса көктем,
Жаса достық, күн, тіршілік.
Болсын ұмыт, мұңдар өткен
Мейірімділік күлсін шығып!
Ералхан: Наурызда жаңа жыл басталады,
Естіледі көктемнің асқақ әні.
Ақ көңілмен, ақ ниетпен қарсы алайық,
Асылайымды ортаға шақырайық.
Гаухар: Қазыбек би ауылын
Ералхан: Төле би ауылын
Гаухар: Әйтеке би ауылы

Ералхан: Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз тойы – жыр – аңыз,
Қызық думан құрамыз - деп 6 - кезеңіміз Ұлттық ойындарға да жеттік. Әр ауыл өздерінің ойындарын көрсетеді.

Гаухар: Қазыбек би ауылын ортаға шақырамыз
Ералхан: Төле би ауылын шақырамыз.
Гаухар: Әйтеке би ауылы шақырамыз

Ералхан: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін ауыл балаларының өнерлі екенін байқадыңыздар.
Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге.
Ауылдардың жарысы,
Келіп жетті мәреге - деп, қазылар алқасына сөз береміз.

Гаухар: Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс - шарамызға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет!
Ұлыстың Ұлы күні - әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін!

Ералхан: Мерекелік іс - шараның қорытындысы мектеп директоры Жұмагүл Қабидоллақызына беріледі.

Қостанай облысы, Арқалық қаласы,
Жалғызтал ауылы, Т. Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Бисекеева Гаухар Зейноллаевна


Скачать


zharar.kz