Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы, Шаған Жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханов Шохан Уалиханович
Қазақ тілі пәнінен 8 - сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Анықтауыштан өткенді қайталау
Жалпы мақсаттар: - анықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;
- түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;
- ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижесі: - Анықтауыш туралы білген - түйгендерін пысықтап, білімдерін тереңдетеді, сөйлеу мәдениеті, сөздік қоры қалыптасады.
Негізгі дерек көздері: АКТ, маркер мен стикерлер, оқулық, жұлдызшалар;
Мұғалімнің іс - әрекеті
Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Тренинг оқушылар бір - біріне тілектер айтады. Шаттық шеңбері
Топқа бөлу
Оқушылар Иелік анықтауыш , Сапалық анықтауыш болып екі топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау
Сәйкестендіру тесті Сәйкестендіру тесті
1. Ақ сары ат доп болып ішін тартқан --------------------------- есімдік
2. Талаптанғанның еңбегі жанады -------------------------------- еліктеуіш
3. Шаң - шұң дауыстар естіледі. ----------------------------------- Есімше
Гуу - гу әңгімемен отырып тамақ жеуге кірістік. -------------- Ілік септігі жалғанған сөз
4. Оқыған кітаптарым мені іске бастады ------------------------- сан есім
5. Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді ---- зат есім
6. Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті ---------------------- сын есім
7. Жаңадан екі үй құрылып жатыр
8. Көптің ісінде береке бар
Тақтамен жұмыс
Оқушылар күннің жадын жазып, Ыстық орындық стратегиясы арқылы анықтауыштан өткен ережелерді естеріне түсіріп пысықтап сұрақ – жауап арқылы қайталап шығады,
Семантикалық картамен жұмыс
(Сын есім, Есімдік, Зат есім, Сан есім, Есімше, Тұрақты тіркес, Сапалық анықтауыш, Иелік анықтауыш)
Зерделі қыздың зерек ойы қиядағы жұмбақты іліп әкетті.
Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады.
Өзен бойында қора – қора қой жайылып жүр
Олар ағаш есікті сындырып ішке кірді.
Он бірінші сыныпта бұл тақырыптарды өткен едік
Айтқан сөзің дәл келсе, саған сыйлығым бар.
Оқығанның беті жарық
Баланың даусы естілді
Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі – өнеге болып отыр
Шығармашылық жұмыс
Мәтіннің ішіне анықтауыштарды қатыстырып сөйлем құрап, сөйлемдерді талдау. Анықтауыш қай сөз табынан болып тұрғанын, құрамына қарай түрлерін талдау
Тапқырлар аялдамасы ойыны 1. Анықтауыш дегеніміз не?
2. Анықтауыштың сұрақтарын ата
3. Анықтауыштар құрылысына қарай нешеге бөлінеді
4. Қандай? Қай? Қайсы? Қайдағы? сұрақтарына жауап беріп тұрған анықтауыштарды қалай атаймыз
5. Ілік септігінде тұрған анықтауышты қалай атаймыз?
6. Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қалай байланысады?
7. Талабы бар жігіт жерде қалмайды деген сөйлемде анықтауыш құрылысына қарай қандай мүше
8. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
9. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
10. Сен оқыған кітапты мен де оқыдым Анықтауыш болып тұрған сөз таптарын ата
11. Қызық әңгіме басталып кетті Анықтауыш қай сөз табы
12. Өтегелді сегіз қанат үйдің көрмесінің тұсында тұр екен. Анықтауыш қай сөз таптары
13. Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ Анықтауыш қалай жасалған
14. Ілік септігі жалғауында тұрып сөз табының бәрі де анықтауыш бола береді ме?
15. Толықтауыш мағынасына қарай қалай бөлінеді?
16. Оқыған кітап, келген кісі, ішетін сүт осындағы анықтауыш қалай жасалған
17. Ілік септігі сөйлемнің қандай мүшесі болады?
18. Күрделі анықтауыш дегеніміз не?
19. Дара анықтауыш дегеніміз не?
20. Ердің сыншысы – елі. Анықтауышты тап
Сабаққа рефлексия жасау
Стикерлер арқылы оқушылар сабақтың жақсы немесе жаман өткендігін білдіреді.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті?
Қиыншылықты кімнің көмегімен жеңдің?
Қай топтың жауабы сәтті шықты?
Бүгінгі ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің?
Үйге тапсырма
Көркем әдебиеттен анықтауыштарды қатыстырып сөйлемдер құрап жазу