Құлпынай тосабы (Клубничное варенье)
Құлпынай тосабын дайындау үшін
Құлпынай – 1 кг
Шекер – 1 кг
Құлпынайды тазалап жуып, езілгендерін алып тастау қажет.
Құлпынайдың дәміне қарай шекер саласыз, тәтті болса, 1 кг - ға 1 кг, қышқыл болса 1 кг-нан асырып салу керек, сөлі шыққанға дейін қойып қою керек.
Тосаптың түсі ашық болуы үшін лимон сөлін тамызуға болады.
Содан соң, отқа қойып 5 минут қайнату қажет, осылай әр қайнатқанда 5 минуттан 3 рет қайнатылады.
Қайнағанда міндетті түрде көбігін алып тастау керек, әйтпесе тосаптың түсі қоңыр болып кетеді.
Дайын болған тосапты стерильденген банкаларға құйып жаба беруге болады.