Балалар ауылы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау.
Сабақ мақсаты: 1. Лексикадан алған білімдерін еске түсіру.
2. Өткенді есте сақтап, тапсырмаларды сауатты орындауға баулу.
3. Халқымыздың салт-дәстүрін. Жеті атасын білуге және өткен сабақтарды толық игеріп түсінуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түрлендіріп өткізу әдісі
Көрнекілігі: Жеті ата картасы, үлестірмелі материал, тірек-сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру
Түсіндірме күнделік арқылы мақалдардың мағынасын ашу.
Эпиграф:
Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
Оқушылар, біздер бүгін сабағымызды Жеті ата ауылына саяхат жасау арқылы өткіземіз.
Әуелі қай ауылға барамыз?
І. Аталар ауылы Аталар ауылы бізге мынадай тапсырмалар берген екен.
1. Лексика дегеніміз не?
2. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы қалай жасалады?
3. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
ІІ. Әкелер ауылы .
1. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ұқсастығы неде?
2. Төзімділік сөзінің синонимін табу.
3. Қайырымдылық сөзінің антонимі.

ІІІ. Балалар ауылы .
Оқулықпен жұмыс. 220-жаттығу.
Өлеңнен ұлттық тағам атауларын теріп жазу: айран, ірімшік, сары май, сары уыз, ет, қазы, қаймақ т.б
Кесел сөзінің синонимін табу.
ІҮ. Немерелер ауылы .
1. Табу сөздер дегеніміз не?
2. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?
3. Ақсаусақ сөзінің дисфемизмі.

Ү. Шөберелер ауылы .
Баламасын табыңдар ойыны.
1. Лезде-
2. Әдемі-
3. Жуас-
4. Тез сөйлесу-
Әзіл аралас сұрақтар.
1. Қандай бала сүйкімді?
2. Адамда арқау бола ма?
3. Қайтсең тегін ішесің?
4. Кім күлкіге, кім ұйқыға тоймайды?
ҮІ. Шөпшек ауылы .
Карточкамен жұмыс.

ҮІІ. Немене ауылы .
Сабақты бекіту. Бағалау.
Үйге тапсырма: 226-жаттығу.

Ақтөбе облысы,
Қобда ауданы, Бегалы ауылы
Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Избасова Салтанат Абатқызы


Скачать


zharar.kz