Білім беру саласы: Социум.
Бөлім: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Бір шаңырақ астында
Мақсаты: туған жер туралы түсінік беру, әр балаға өзің туған жерін қадірлеуге, сыйлауға үйрету.
Міндеттері: - ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
- сөздік қорын байытуымен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру,
- берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету
Әдіс - тәсілдер: көрсету, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Полилингвалдық құрауыш: кигіз үй – юрта, yurt, ту – флаг, Flag.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақтай, тақырыпқа байланысты суреттер, фетірден қиылған кигіз үй, оюлар, илюстративтік ойыншықтар.
Мотивациялық қозғаушы кезең
Балалар компьютер кабинетіне кіреді, үстелдің шетіне тұрып шаттық шеңберін жасайды.
Интерактивтік тақтаймен жұмыс жасау.
Тәрбиеші дүрбімен Мурашковски әдісімен интерактивті тақтаймен суреттердің(ту, елтаңба, домбыра, кигіз үй) кейбір бөліктерін көрсетіп отырады, ал балалар қандай сурет екенін айтулары керек.
Ізденіс ұйымдастыру кезең
Осы сәтте Дымбілмес кіреді.
Балалармен амандасады.
- Бұл қандай жер, мен қайда келдім?
- Балалар біз қандай елде тұрамыз?
- Дұрыс айтасыңдар Қазақстан.
- Мен бұндай елді білмеймін, бұрын естімеппін, маған айтып бересіңдер ме?
- Әрине айтып, таныстырамыз.
Тәрбиеші сұрақтар қояды:
- Көк түсті бұл не?
- Көк түс ненің белгісі?
- Елтаңбаның екі жағында не көріп тұрсыңдар?
- Ал ең үстінде не?
- Кигіз үй немен әшекейленген?
- Оның ең үстінде не?
- Шаңырақ неге ашық болады?
- Өте жақсы балалар.
Жарайсыңдар балалар, қазір біз алдымызда тұрған кигіз үді әшекейлейміз, ал немен әшекейлейміз?
- Дұрыс айтасыңдар, жұмысымызға кірісеміз.
Өтет жақсы, балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын өзімен бірге сыйқырлы дорбамды ала келдім. Қане менің жаныма жақындаңдар әр біреуміз сыйқырлы дорбаға қолымызды салып бір заттан алып шығып атын атаймыз.
Балалар қоржындағы заттарды алып шығып атарын атайды, жасыл фетрдің үстіне жайлау бейнесін безендіреді.
Өте жақсы балалар, тапсырманы орындадық, енді орнымызға отырып әр бала компьютер алдында жайлауға гүл отырғызады. Жұмысымызға кірісеміз.
Сергіту сәті.
Қане кей балалар барлығымыз тақтаның алдына келіп қараңдаршы бұл не?
- Оған не жетпейді?
- Оның шуақтарын салу үшін бүгінгі сабақта не көргенін, не білгенін айтсаңдар оның шуақтары пайда болады.
Павлодар қаласының
№29 сәбилер бақшасы МҚКК
Тәрбиеші: Гросс. Г. С.
Бір шаңырақ астында. жүктеу