Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы.
Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Жакупова Жулдызай Султангалиевна
Тақырыбы: Мен соғысты жек көрем!
Мақсаты:
Оқушыларға жер шары балаларының тілегі бейбітшілік екенін ұғындырып, шығармашылық қиялын жүйелеу, танымдық қабілетін арттыру, сондай – ақ отансүйгіштікке баулып, ел, ұлт намысын қорғаған батырларды сыйлап құрметтеуге үйретуді мақсат етіп дамыта оқытуға негізделген.
сабақтың көрнекілігіне суреттер, буклеттер, альбомдар пайдаланылды.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа психологиялық даярлық жасау.
а) Үй тапсырмасын сұрау.
ә) Ұлы Отан соғысы туралы деректер, суретпен жұмыс жүргізу.
б) Қызығушылықты ояту.
Мен соғысты жек көрем! өлеңін оқу (мұғалім)
Автор туралы мағлұмат.
Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. Қаз ҰУ - ды бітірген. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы.
Сыныпты топқа бөлу.
1 топ: Өлеңнің мазмұнына байланысты сурет салу.
2 топ: Өлең мазмұнына байланысты мақал – мәтел ойластыру. Мағынаны ашу.
3 топ: Өлең мазмұнына байланысты шағын әңгіме құрастыру.
Өлеңді оқу. Оқи отырып түсініксіз сөздердің астын сызғызып, сөздік жұмысын жүргізу.
Дәптермен жұмыс.
Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы.
Жырақ – шалғай, алыс, қашық.
Ғұмыр бойы – өмір бойы.
Соңғы сөзді мен айтамын әдісін қолдану.
Әр топ өлеңге байланысты мақал – мәтел айтады.
а)Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
ә)Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.
б) Отан үшін отқа түс – күймейсің
в)Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
ғ) Ердің көркі – елімен,
Отан көркі – жерімен.
г)Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.
д)Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.
Ой толғау.
Бәрінен де қымбат тәсілін жүргізу.
Болжау стратегиясы
Талай өткен ғасырлар
Еш соғыссыз өтпеген , - деген өлең жолдарындағы ойды өрбітіп көтеру.
Оқушыларға өлең мазмұнын айтқызу.
Өзіндік жұмыс. Бейбітшілік тақырыбында шағын әңгіме жаздыру. Әр топтан 2 – 3 балаға жазған әңгімелерін оқыту.
Өлеңдер оқу.
Қорыту, бағалау.
Ән. Әрқашан күн сөнбесін
Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.