Тілім менің (интелектуалдық сайыс)
Мақсаты: Оқушыларға жан - жақты білім бере отырып, теориялық білімдерін іс жүзінде тексеру, өткен тақырыптардан алған білімдерін қайталау, бекіту. Түрлі тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту. Туған тілдің қадір - қасиетін ұғындырып, тілге, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тіл туралы аудиожазбаны тыңдау.
Жүргізуші: Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық даму барысында халықпен бірге жасасып, талай кезеңді бастан өткерді. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады деп, Ахмет атамыз айтқандай, ата - бабаларымыз аманаттап кеткен осы қасиетті тілімізді жоғалтпай, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Олай болса, тіліміздің алтын қойнауына тағы бір мәрте бірге үңілейік дей келе, сайысымызды бастайық.
Әділ қазылармен таныстырып өтейін:
Бүгін бізде қонақта Қыран тобы және Сұңқар тобы. Сайысты қай топ бірінші бастайтынын анықтау мақсатымен ортақ сауал қойылады. Бірінші болып жауап берген топ бастайды.
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдерінің ішіндегі қыпшақ тобынан)
Қазіргі қазақ тілінде неше дыбыс бар? (37)
І айналым
Тұрақты сөз тіркестерін сәйкестендіру. Қыран тобының тапсырмасы экранда. Қатысушылар кезекпен жауап береді. Дұрыс жауап 1 ұпай. Уақыт 1 минут.
ІІ айналым.
1) Әдемі сөздердің дұрыс айтылуын тексереміз. Айтылған сөздерді әріпке бөліп, тізбекпен тез де қатесіз айтып шығуымыз керек. Дұрыс жауап 1 ұпай.
Қыран тобының тапсырмасы: жиенқұрық, кемпірқосақ, ұшқыш.
Сұңқар тобының тапсырмасы: жерұйық, үйірме, сүңгуір.
2) Екінші айналымның екінші тапсырмасы. Екі топ бір - біріне қазақтың көнерген сөздерін жасырады. Әр топ екі көнерген сөз жасыра алады. Дұрыс жауап 2 ұпай.
1. Атсейіс деп кімді атаған? (ежелгі түркілер ат баптайтын адамды)
2. Қалықпан дегеніміз не? (қарақұс тектес құс)
3. Адалбақан дегеніміз не? (киім ілгіш)
4. Жуалдыз деген не? (үлкен ине)
3) Үшінші тапсырма әдебиет теориясынан сұрақтар. Дұрыс жауап 2 ұпай. Олай болса, кеттік, алғашқы сұрақ.... тобына.
1. Затты тура мағынада емес, ауыспалы басқа мағынамен салыстырып айту әдебиет теориясында қалай аталады? (Теңеу)
2. Шағын көлемді, оқиғаны мысқыл түрінде жазған шығарма. Әңгіме аң, құс, хайуанат, өсімдік туралы айтқанмен, адам бойындағы мін, кемшілікті әжуалайды. Мұндай шығармалар әдебиетте қалай аталады? (Мысал)
3. Шығармада жеке дара көрнекті образдары бар, сюжетті, оқиғалы, ұзақ, көлемді өлең? (Поэма)
4. Ақындардың халқына, келер ұрпағына айтар даналық жыры? (Терме)
ІІІ айналым.
Олай болса, бізде үшінші айналым.
1) Берілген сөздегі әріптерді пайдалана отырып, мағыналы сөз құрастыру. Дұрыс жауап 1 ұпай. Ендеше, Қыран тобына берілген сөз БАЛДЫРҒАН. Сұңқар тобына берілген сөз АЛАСАПЫРАН. Топ мүшелері ортаға, берілген уақыт 1 минут, уақыт кетті.
2) Киножұмбақ. Экранда көрсетілген қай фильм, режиссерын атаңыз. Толық жауап 4 ұпай, жартылай жауап 2 ұпай.
1. Жау жүрек мың бала - режиссеры Ақан Сатаев
2. Көшпенділер - режиссеры Талғат Теменов
ІV айналым.
1) Мақалдың жалғасын табу. Дұрыс жауап берілмеген жағдайда әр топтың жанкүйерлері көмектесе алады. Дұрыс жауап 1 ұпай.
Қыран тобының тапсырмасы:
Диірменде туған тышқан...(дүрсілден қорықпас)
Ат аяғынан семірер...(адам құлағынан семірер)
Кісі қатесіз болмас...(көл бақасыз болмас)
Болған кісі болдым демес...(болдым десе болғаны емес)
Жыланның уы тісінде...(адамның уы тілінде)
Сұңқар тобының тапсырмасы:
Еменнің иілгені – сынғаны...(жігіттің екі сөйлегені - өлгені)
Ақылды адам айтқызбай біледі...(ақ сұңқар қаққызбай іледі)
Мал басынан байланады...(адам тілінен байланады)
Ел қазынасы көне көз...(тіл қазынасы ескі сөз)
Тау мен тасты су бұзар...(адамзатты сөз бұзар)
2) Жұмбақ жарысы. Екі топ мүшелері бір - біріне жұмбақ жасырып жарысады. Үш жұмбаққа дейін рұқсат. Дұрыс жауап 2 ұпай. Олай болса, бірінші болып жасыратын... тобы.
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяу да
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
Көп болса алыстайсың,
Мезетпен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады
Табарсың мұны қайсысың? (Уақыт)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
Тілім менің интелектуалдық сайысы жүктеу