Тақырыбы: Қаражорға - бидің төресі
Мақсаты: Оқушыларды қаражорға биінің шығу тарихымен таныстыру, оны насихаттау
Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі. Көңілді ырғақты әуен жүріп тұрады.
2. Мұғалім сөзі: Балалар, осындай ырғақты әуенді естігенде қандай сезімде боласыңдар?
(оқушылар жауабы: көңілді боламын, билеп кеткім келеді т. б.) Ал осы би туралы не білесіздер?(оқушылар жауабы тыңдалады)
Мұғалім: Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік - уақыттық ауқымы көне заманғы наным - сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл - күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі. (Би түрлері, атақты бишілер туралы слайд көрсетіледі)
Халқымыздың қандай билерін білесіңдер? ( Қамажай , Қаражорға , Айжанқыз т. б.)
Бүгін біз елімізде кең тараған Қаражорға биі туралы әңгіме қозғаймыз. Бұл биді бәрің білесіңдер ғой. Ал кім билей алады бұл биді? Жарайсыңдар, биді жақсы көретіндерің көрініп тұр.
Қара жорға - қазақтың халық биі, қазақ биінің төресі, атасы. Олай болса, біз халқымыздың қасиетті биі Қаражорғаны да қастерлеп, оны қазақ билерінің атасы, ескіден келе жатқан ежелгі мұрамыз деп білгеніміз абзал. Халықтың Жорғадай тайпалған, думанға толы дәстүрлі биі дегенді білдіреді. Осы би туралы көп сұрақтар туындап жүр. Осы би туралы не білеміз? Оның тарихына үңілейік. (оқушылар слайд арқылы түсіндіріп отырады)
Оқушы:
Бүгіндері жиын - тойдың көркіне айналған Қара жорға әні мен биі төңірегінде түрлі әңгіме тууда. Бұл әннің қазаққа қатысы жоқ деген пікір де бірлі - жарым басылым бетінде жария болды. Тіпті қазаққа танымал сазгер Ұлықпан Жолдасов теледидар арқылы Қара жорға биін елге келген індетке балады.
Соңғы жылдары Қара жорға биі мен Кеңес күйі дүниежүзілік Гиннесс рекордтар кітабына еніп, бүкіл дүние жүзіне тарала бастағандығы жұртқа мәлім. Қазақстан халқы да өзінің ежелгі өнерімен қайта қауышып, Қара жорғаның ел ішіндегі насихаты табиғи сипат алуда. Мәселен, осыдан бірер жыл бұрын Атырау қаласында бұл биді бір сәтте 15 мың адам билеген - ді.
Бір қызығы - бұл бидің адам денсаулығына пайдасы жөнінде медицина мамандары да атсалысып, тамаша пікірлер айтып жүр. Би мамандары орыс биі аяқпен, өзбек, ұйғыр билері қол - мойын әрекетімен, моңғол биі жауырынмен, ал қазақ билері - адамның тұтас буындар жүйесімен орындалады деп қарайды. Осылайша бұл би біртіндеп оқушылар гимнастикасына айналып, Сарыарқа біздің күйіміз, Қара жорға биіміз дейтіндей, үлкен ұлттық дәстүрге айналып келеді