Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің

Скачать

Ана тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы
Мақсаты: Оқушыларды Құрманғазының өмірімен оның шығармаларымен таныстыру, мәтіннен қиын сөздерді таба алуға үйрету. Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды күй тыңдау арқылы патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту
Әдісі: түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу
Көрнекілік: Сандар, суреттер

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Жақсылықтан үйреніп
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан

2. Үй тапсырмасын тексеру
Сиқырлы сандар атты ойын. Сандардың артында жасырылған сұрақтарға жауап беру керек.
1. Сибирь деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?
2. Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың?
3. Жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазды
4. Тұрар бейнесін көз алдыңа елестетіп, сипаттап бере аласың ба?

Жаңа сабақ
1. Сызба арқылы түсіндіру
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ
(1823 - 1896 )
Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Қуғын – сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой - толғамын бейнелеген. Алатау және Сарыарқа күйлерін дүниеге әкелген. Құрманғазының күйлері қазақ шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.

• 2. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларды тізбектетіп оқыту.
3. Сөздікпен жұмыс
Әділетсіздік -
Озбырлық
4. Тақтамен жұмыс.
Дәптерге әдемілеп жаз.
Кім тапқыр? ойыны
Мақсаты: Музыкалық аспаптармен күй аттарын ажырата білу, шапшаңдыққа тапқырлыққа баулу.

5. Сергіту сәті.
Домбыра күмбірлеп,
Күй шерте аламын.
Бұрала би билеп,
Суретте саламын.
Ұқсатып кілемге
Кестеде тігемін.
Актерше рөлде
Ойнай да білемін.
Жалықпай талай күн,
Жасаймыз мүсін де.
Өнер көп бойымда
Мақтану маған жат.

6. Күй тыңдау. Қызыл қайың және Балбырауын күйлері шығу тарихымен таныстырылып орындалады.
Венн диаграммасы бойынша күйлерді салыстыру.

Сабақты қорытындылау. Сұрақ - жауап арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім?
2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?
3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
4. Құрманғазының ұстазы кім болған?
2. Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?
Бағалау.
Үйге тапсырма: мазмұны және Құрманғазы туралы мәліметтер жинақтау.


Скачать


zharar.kz