Қазақ әдебиеті (7 сынып)
Сабақтың тақырыбы:
№ 1 Сөз басы
№2 Лиро-эпостық жырлар
№3 Қозы-Көрпеш-Баян сұлу
№4 Жырдағы кейіпкерлер
№5 Жырдың құрылысы
№6 Шешендік сөздер
№7 Дулат Бабатайұлы Аягөз қайда барасың?
Сабақтың мақсаты:
а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, т. б
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, т. б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Өткенді еске түсіру. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Әдебиет сөзі араб тілінен аударғанда асыл сөз дегенді білдіреді. Барлық жұрттың әдебиеті сияқты қазақ әдебиеті де екіге бөлінеді: біріншісі – ауыз әдебиеті, екіншісі — жазба әдебиеті. Ауыз әдебиеті – елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы, әдемі, мәнді әңгімелермен айтылған. Ауыз әдебиетінің сөздерін шығарушылардың аты - жөндері бізге белгісіз. Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп, ауызша айтылумен сақталған. Ал жазба әдебиетінің авторлары бар.
Көркем әдебиет – оқушыларға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Адамға тәрбие беруші әуелі ата - ана, сонан соң ұстаз, мектеп тұрмысындағы төңірек. Өнер, ғылым жоқ жұртта адам тәрбиесін төңірегінен алады. Өнер, ғылым бар жұртта адамдар тәрбиені ата - анадан да, төңірегінен де, мектептен де және әдебиеттен де алады.
Топпен жұмыс: Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру
Ауыз әдебиетінің түрлері
↓
Тұрмыс - салт жырлары
мақалдар
жұмбақтар
ертегілер
мәтелдер
аңыз - әңгімелер
айтыстар
шешендік сөздер
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
3. Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?
Білімді бағалау:
Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.