Қазақ әдебиеті 10 сынып
Тақырыбы: "Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы"
Білімділік мақсаты׃ Оқушыларға Абай өлендерін орыс классиктерінің өлеңдерімен салыстыра отыра терең меңгерту, жатқа айту, өлеңдерді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру, этнографиялық танымдарды кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты ׃ Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру,
олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер
дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру. Абай ұлылығын терең сездіру,
туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты ׃ Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, өлеңдерді сатылай кешенді талдау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақ түрі аралас
Әдіс-тәсілі баяндау, әңгімелеу, салыстыру, талдау
Пәнаралық байланыс орыс әдебиеті, тарих, табиғаттану, халық ауыз әдебиеті, музыка
Көрнекілік компьютер, слайдтар, суреттер
Сабақ барысы I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. Абайдың Желсіз түнде жарық ай әнін тыңдау
II. Өткенді пысықтау.
Кластер әдісімен өткенді пысықтау. Абай туралы не білетінін анықтау
Абай
↓
Ұлы ақын, аудармашы, философ, ойшыл, сыншы, сазгер
Хронологиялық хат жазу
1. 1845 жылы
2. 10 жас
3. 3 ай
4. 1870 жылы
5. 1882 жылы
6. 46
7. 1904 жылы
1. Абай қай жылы туған? (1845 жылы 10 тамыз.)
2. Туған жерінің аты. (Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.)
3. Абайдың шын аты кім еді? (Ибраһим.)
4. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере.)
5. Абайдың арғы аталары кімдер? (Өскенбай, Ырғызбай. )
6. Шешесінің аты кім болған. (Ұлжан.)
7. Құнанбай неше әйелді болған? (4 әйелді.)
8. Абайдың дүниеге көзін ашқан кім еді? (Михаэлис.)
9. Абай неше жасқа дейін оқыған (13 жас.)
10. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? (Ахмет - Риза.)
11. Абайдың руы қаңдай? (Тобықты.)
Слайдтан Абай Құнанбаевтың өмірбаяны
III. Жаңа тақырыпты игерту
Слайдтан табиғат суреттерін - әр жыл мезгілін көрсету. Демек, бүгін біз не жайында сөз етпекпіз? Дұрыс табиғат туралы. Енді бұл сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді?
Табиғат сөзіне ассоциация
Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау - ана сүтін ақтамағанмен бірдей
Табиғат - поэзия бұлағы (М. Әуезов)
Не то, что мните вы, природа:
Не слепок, не бездушный лик;
В ней есть душа, ней есть свобода,
В ней есть любовь, в ней есть язык (В. Белинский)
В любой травинке сыщется душа,
И не бездушны кедры - исполины…
Земля родная, как ты хороша
И дорога от кочки до вершины!
(А. Адаров алтай халқының ақын - жазушысы)
Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс - хәлді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және Абайдың бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан - жақты жырлаған ақын болған емес. Біз бүгін Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты Қыс , Жазғытұры , Күз , Жаз Қараша, желтоқсан, сол бір - екі ай өлеңдерін оқып, талдаймыз. Бұл өлеңдерін ақын 1886 - 1890 жылдар аралығында жазған.
Абайдың жылдың төрт мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады. Табиғатқа жан бітіруге ұлы Абай өзінің орыс классиктерінен үйренген.
Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым - қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.
Екі оқушы Абайдың Жаз бен Күз өлеңдерін жатқа айтады. Мазмұнына тоқталу.
Сөздік жұмысы
Жалаң – отдельный
Жамыраңқы – многогранный
Дарып – внедряться
Көкорай шалғын – луг
Бүріккен – брызгать
Әсерленеміз – вдохновиться
Самалы – ветерок
Сағымы – мираж
Үскірігі – лютый мороз