Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Мамбетжанова Бақыткүл Алдоңғарқызы
Тақырыбы: Табиғат – туған анамыз!
Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Барысы:
Табиғат – адам.
Табиғаттың тынысы кең, тілі бай
Ауасының шәрбатын - ай, тұнығы - ай!
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім - ай!
Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына төзген. Ата – бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер, мақал - мәтелдер және тыйым сөздер қалдырып кеткен.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Балалар, табиғат, жан - жануарларға арналған қандай мақал - мәтелдерді әзірлеп келдіңдер?
1. Сулы жер - нулы жер
2. Бұлақ көрсең көзін аш
3. Су жүрген жер – береке,
Ел жүрген жер – мереке.
4. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр жерге жауған нұр.
5. Аққу құссыз – көл жетім
Айтылмаған сөз жетім.
6. Бұлбұлға бау жақсы
Кекілікке тау жақсы.
7. Ауа - өмір тынысы.
8. Судың да сұрауы бар
9. Жер - қазына, су - гаухар.
Жарайсыңдар, мінекей табиғат туралы көптеген мақал - мәтел біледі екенсіңдер. Енді қандай тыйым сөздерді біледі екенбіз?
ІІІ. Тыйым сөздер.
Суға түкірме
Суды лайлама
Су ішетін құдыққа түкірме
Бұлақты былғама
Көкті жұлма
Орманды өртеме
Жалғыз ағашты кеспе
Құмырсқаның илеуін бұзба
Өрмекшіні өлтірме
Аққуды атпа
Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер
IV. Жұмбақтар.
1. Қызығып әр адам,
Ұстап ап даладан.
Жүніңді жұлып ап,
Бесікке қадаған. Бұл қай құс? (үкі)
2. Қашаудай мықты тұмсығым,
Бәске тігем, бұл шыным.
Құрт - қоңыз, шыбын аулап жарысам,
Орман дәрігері болып табылам. (тоқылдақ)
3. Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай (қарлығаш)
4. Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап,
Қыста алыс кетеді. (қараторғай)
Қорытынды:
Адамдар табиғаттың сырына назар аударған, емдік қасиетін де байқап, олардың науқастарды емдеуге көп көмегі бар екеніне көңіл бөлген. Мысалы: борсық майы өкпе ауруына, иттің майы суық тигенде, құрбақаны ағауыз деп атайтын жараға ем ретінде қолданған.
Жер Ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды жер – Ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.