Би, шешен туралы мақал - мәтелдер
Би болмасаң болма, би түсетін үй бол.
Айтысқан соң дау емес пе,
Алысқан соң жау емес пе.
Аталыдан би қойсаң
адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң
босамас аузы парадан (Бұқар жырау).
Аянбаған жауды алар
Абайлаған дауды алар.
Әділ бидің елін дау араламайды,
Әділ патшаның елін жау араламайды.