Мозайка арқылы топтарға бөлу

Скачать

Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні. (Ертегі) (слайдымен)
Мақсаты: Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың Қыс өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Міндеттер:
- өлеңдегі кейіпкердің көңіл - күйін сезіне отырып, бейнелі сөйлей білуге машықтану;
- оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету;
- өзіндік пікір қалыптастыру арқылы тапсырманы өзара талқылау, қорытынды жасау, түйінді ойларды жинақтай білу;
- қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы табиғатты аялай білуге табиғаттың сұлулығын сезінуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру
Қолданылатын модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, білім беруде АКТ - ны пайдалану, білім берудегі басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Мозайка, Семантикалық карта , Миға шабуыл , Жүк журналы , Синкуейн , Сергіту жаттығулары, Ойлан, жұптас, топтас , Біреуі үйде, үшеуі қонақта стратегиялары.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар арасында ынтымақтастық қарым қатынас орнайды. Ертегі жолдарын топта талқылап, бір біріне түсіндіруге, өз ойын еркін айтуға үйретеді. Сыни тұрғыдан ойлай алады. Топтық жұмыс – ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелей отырып, білімге деген ынтасын арттырады

Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.
Көңіл күйлерін смайлик ілу арқылы көрсетеді.
Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сендердің ше?
Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз көңіл-күйімізді реттеуге тиіспіз. Бұл үшін мен психологиялық тренинг ұсынамын – бәріміз бірге:
Жер Ана саған мың алғыс!
Бар байлығын беріп тұрған.
Шуақты Күн саған мың алғыс!
Жан жылуын төгіп тұрған!
Мозайка арқылы топтарға бөлу.
1-топ жаз, 2-топ күз, 3-топ көктем,4-топ қыс.
Ә)Дәптерге күнді жаздыру.
Ақпанның он жетісі
Бағалау тәсілімен таныстыру.



Скачать


zharar.kz