Көріністерді сызбаларда салу

Скачать

Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары, сызу 9 сынып
Тақырыптар:
1. Көріністерді сызбаларда салу.
2. Сызу және техника.
3. Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу.
4. Қималар және тіліктер. Қималар.
5. Тіліктер туралы жалпы түсінік.

І. Сабақтың тақырыбы: Көріністерді сызбаларда салу.
Сабақтың мақсаты:
а) дамытушылық: өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, ойлау қабілетін дамыту.
ә) білімділік: детальдің күрделілігіне қарай сызбаларын сызу, қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету.
б) тәрбиелілік: сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап, бір - бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
в) Сабақтың түрі: жаңа сабақ, меңгеру сабағы.
г) Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: сызба үлгілері, деталь модельдері, проекция жазықтықтарының модельдері т. б.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа
Даярлау.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ: Бір деталь сызбасын тақтаға сызып, өлшемдерін қалай қою керек екендігін оқушыларға түсіндіру.
Жаңа сабақты бекіту: І - деңгей
Бір көрінісімен анықталатын заттың сызбаларын орындау, өлшемдерін түсіру. 1 - тапсырма: Қалыңдығы 2 мм, ұзындығы 50 мм, ені 25 мм болатын тік бұрыштық сызбасын сызу, қажетті өлшемдерін түсіру.
2 - тапсырма: қалыңдығы 3 мм, диаметрі 30 мм болатын детальдің сызбасын сызу. Өлшемдерін түсіру.

Қорытынды: Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың білімін бағалай отырып сабақты қорытындылаймыз.

Үйге тапсырма: Көріністерді сызбада салу, тақырыбын оқу. Сабақта аяқталмаған сызбаларды үйде аяқтау. А форматқа қайталап орындау.



Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz