Аламан бәйге

Скачать

Сабақ тақырыбы: Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйрету, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: асықтар, ақсүйектер, кубик, кеспе әріптер, теңге, орамал.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, құрастыру, ой қозғау, ұлттық ойындар.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, сауат ашу, экология, логика

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Алдымен ұлттық ойындар туралы түсінік беру.
Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

Мақсат қою:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, - дегендей жарыс түрінде өткізілетін сабағымызды бастаймыз.
3-топқа бөлемін: Тапқырлар , Білгірлер , Ойшылдар .

1-тапсырма: Математикалық жұмбақ есептер.
1.Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (4)
2 Аулада 3 үйрек,
Қорада 1 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (2)

3.Табақта 5 алам,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма? (7)

2-тапсырма: Ханталапай ойыны.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны аяқталған соң, салыстыру жұмысын жүргіземіз.

3-тапсырма: Ақсүйек ойыны.
Ойынның шарты: Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір бала көзін жұмады да ақсүйектің біреуін алады. Артында жазылған санға байланысты санамақ айтады.

4-тапсырма: Орамал тастамақ ойыны.
Шарты: санның алдыңғы және артқы көршісін табу. Тапқан бала келесі баланың алдына орамал тастайды.
5-тапсырма: Теңге ілу ойыны.
Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру керек.
6-тапсырма: Неше аяқ ойыны.
Шарты: Мараттың үйінде әкесі, шешесі, бір інісі, апасы бар. Мараттың тұрғындарының аяқтарының саны нешеу?

7-тапсырма: Кубизм әдісін қолдана отырып, ой қозғау стратегиясын қолданамын. Кубикті лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беру. 12345 сандарды ашу “БІЛІМ” деген сөз шығады.
Сұрақтар:
Қол не үшін керек?
Қазақтың тұңғыш президенті кім?
Кітап не үшін керек?
“Қызыл кітапқа” не жазылады?
Тірі табиғатты ата?

Қорытынды.
Балаларды мадақтап, кеспе әріптер арқылы Жарайсыңдар сөзін құрастырып, сабақты қорыту.


Скачать


zharar.kz