Әдепті сөз мәтінінің мазмұнын айту, әдептілік туралы мақал - мәтел жинастыру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ата тәлімі С. Ақаев
Мақсаты: Мәтін мазмұнын ашу, автор туралы мағлұмат беру, табиғатты қорғауға, үлкенге көмектесуге тәрбиелеу, өзіндік пікір қалыптастыру, сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту.
Нәтиже: Топпен жұмыс жасауға үйрену. Пәнге деген қызығушылығы артады. Тапсырманы түсініп, өз дәрежесінде орындай алады
Негізгі идеялар міндеті: - өткен материалды қайталау;
- тақырыпты игеру;
- оқушыларды тиянақтылыққа үйрету;
- оқушылардың шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін - бірі оқытуын қалыптастыру;
- тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену;
- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру:
- оқушылардың жетістігін формативті бағалау;
Дереккөздер және жабдықтар: Мультимедиялық проектор, флипчарт, фламастер, стикер, түрлі - түсті жетондар, маркер т. б.

Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Жүректен жүрекке
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!

II. Өткен сабақты пысықтау.
Әдепті сөз мәтінінің мазмұнын айту, әдептілік туралы мақал - мәтел жинастыру.
1. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
2. Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3. Әдепсіз бала
Ауыздықтан атпен тең
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.


Скачать


zharar.kz