Ескен Елубаев өлеңдері
Ырым
Мұндай ырым бары есте,
Ел жұрт түгел біледі.
Жағып қояр нәресте
Маңдайына күйіне.
"Көзі ешкімнің тимесін,
Аулақ болсын бәлекет.
Ауырғанды білмесең ",-
Дегеннен бұл әрекет...
Жақсы ырымның біріне,
Санап оны құптаймыз,
Бірақ
Қарап түріне,
Асанды біз ұқсаймыз.
Кір күйелеш несіне,
Жумас бетін жөнді де,
Әлде
Ол да өзіне
Кім тимесін дейді ме?!
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектебі
3 сынып оқушысы Тлекбайқызы Мариям
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері