Табиғатты қазақ халқының бар өмір - тіршілігі табиғатпен етене байланыста

Скачать

Табиғат - тіршілік көзі

Мақсаты: 1. оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.
Әдісі: сұрақ – жауап, мақал – мәтел талдау, нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және Табиғатты қорғайық слайд көрсету, өлеңдер оқу
Көрнекіліктер: нақыл сөздер Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат , сюжетті суреттер. Мақал – мәтелдер жинағы
Жүру барысы
Табиғат – бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе - теңдік үнемі сақталып тұрады.
Сұрақ – жауап. (ауызша топтарға сұрақтар қою.)

* Адам өміріне не қажет?
* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады
* Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
* Тірі табиғатты ата.

І - кезең:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді,
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

*Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
- Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.
- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.
- Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

ІІ кезең: Жұмбақ шешу.
Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)


Скачать


zharar.kz